Ақтөбеге 2500 америкалық сиыр әкелінді

    Ақтөбеге 2500 америкалық сиыр әкелінді

    Ақтөбеге алыс шетелден 2500 ірі қара әкелінді. Жыл соңына дейін облыс аумағына тағы 7500 сиыр сатып алынуы қажет. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай мәлімдеді.

    Жануарлар барлығы 57 арнайы жүк көлігіне тиелген. Жүк көліктері екі қабатты. Ішінде жем-шөптер мен суы дайын. Санкт-Петербургтен Ақтөбеге үш күнде жеткен сиырлар енді Қопадағы “Актепке” жол тартты. Ал Санкт-Петербургке дейін оларды Америкадан кемемен тасымалдаған. Кеме екі ел арасын 22 күн жүріп келген.
    Ауылшаруашылық басқарма басшысының айтуынша, 2500 ірі қара облысқа етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша әкелініп отыр. Бұл малдар якорлық кооперацияның серіктестіктеріне таратылып беріледі. Қазірдің өзінде “Актеп” ЖШС-імен біріге 360 якорлық шаруашылық жұмыс жасайды. Жыл соңына дейін “Актеп” ЖШС-і тағы да 7500 ірі қара сырттан әкелуге ниетті. Оның 4500-5000 бастайы шаруашылықтарға үлестіріледі. Өткен жылы якорлық серіктестіктерге 1330 мал берілген.
    -“2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту” бағдарламасы қабылданған болатын. Биылғы жылдан бас-тап осы бағдарламаға қосымша етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы қабылданды. Оның аясында облыс бойынша біз биыл жаңадан фермалар қосуымыз керек. Осы фермалардың есебінен якорлық кооперациясы кеңейеді деп отырмыз. Сондықтан осы әкелінген малды одан әрі өсіріп-өндіріп, көбейтумен айналысамыз,- деді Құсайын Сәрсенбай.
    Жаңадан әкелінген сиырлар ангус тұқымды болып есептеледі. Бұл сиырлар майды еттің әр қабықшасына жинайтындықтан, кесілген еттің көрінісі мәрмәрге ұқсайды. Сондықтан ангус сиырының етін мәрмәр ет деп атап кеткен. Мәрмәр еттер мейрамханалар тарапынан үлкен сұранысқа ие. Жергілікті сиырларға қарағанда ангустар өте тез өсіп жетілетін көрінеді. Етті, әрі салмақты. Сондықтан болар облыстағы шаруалар осы тұқымға көбірек қызығушылық танытқан. Малдың бұл түрі біздің өңірде 2012 жылдан бастап өсіріліп келеді. Бұдан өзге Ақтөбе облысы аумағында ақбас, әулиекөл, герефорд тұқымды ірі қаралар қолданыста жүр.
    -Бағдарлама тек етті ірі қара және қой шаруашылығына басымдық береді. Ірі қара тек алыс шетелден әкелінген болуы қажет,- деді басқарма басшысы.
    Қазір бағдарламаға қатысуға “Агронесие корпорациясына” 4 жеке қожалық құжат дайындап жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысы биыл Ресейден 1800-ге жуық сиыр сатып алды
  • Кәсіптің көзін тапқан шаруа
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Шаруаның қамын күйттеген кооператив
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге