Ақтөбеде 3000-нан астам науқасқа ота жасалды

    Ақтөбеде науқастардың емделуі 6 пайызға өсті. Ақтөбе медициналық орталығында басқа қаладан 6000-ға жуық науқас ем қабылдады деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

    Ақтөбе медициналық орталығының жұмыс жасағанына биыл екінші жыл. Осы жылы 10 мыңнан астам науқас емделіп шыққан. Былтырғымен салыстырғанда 6 пайызға артық. Әлем дәрігерлерінің қатысуымен 3 мыңнан аса ота жасалған. Ал өзге облыстардан келіп емделгендер саны екі жылда 6000-ға жуықтаған. Басқа қаладан келетіндердің дені Батыс өңірінің тұрғындары. Атырау, Орал, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан да келушілер қатары ұлғайған.
    -Медицина кластерін дамыту мақсатында қосымша құрылыстар жүргізіліп, ересектерге арналған кереует қорын 320-дан 380-ге дейін өсірдік. Бүкіл батыс өңіріне арналған респираторлық қолдау және аллергологиялық орталықты ұйымдастыруды қолға алып отырмыз. Келесі жылы қаңтарда орталық жұмысын бастайтын болады. Балаларға арналған стационарда да кереует орны кеңейді. Дегенмен облыста онкологиялық диспансер жоқ. Медицина университетінде медициналық орталық жұмыс істеп тұр. Биыл облыстық аурухана жанынан диагностика кабинеті ашылды. Қазір бес кереует жұмыс істеп тұр. Бес айда 60 науқас қаралды. Сараптама жүргізіп қарағанда науқастардың емхана мен онкологиялық медициналық орталық арасындағы жүріс азайды. Диагноз қою үшін 3-4 ай уақыт кетсе, қазір күдік болса ауруханаға жатқызып, барлық анализін алып, 4-5 күнде анықтаймыз»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
    Жыл басынан бері 622 жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілген. Оның 18 па-йызы балалар кардиохирургиялық операциясы. Орталық құрылғалы бері 49 орган алмастыру отасы жасалса, оның 37-сі бүйрек, 12-сі бауыр екен.
    Әсет Қалиевтің айтуынша, 5 ай ішінде медициналық кластерді дамыту бағытында Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусь, Түркия, Германияның білікті мамандарының қатысуымен 14 шеберлік-кластары өткізілді. Өңірде білікті мамандарды жұмысқа шақыру, оларды баспанамен қамтамасыз ету де бір жолға қойылған.
    Ақтөбе дәрігерлерінің басын қосқан жиында басқарма басшысы облыс әкіміне медицина саласындағы басты мәселені жеткізді.
    -Ең негізгі мәселе мамандарды тарту, біліктілікті арттыру. Биыл медициналық орталыққа 36 дәрігер жұмысқа орналасты. Басым бөлігі медициналық университет түлегі. Сонымен қатар Атырау, Қызылорда, Астана, Алматы қалаларынан 11 медицина қызметкері Ақтөбеге көшірілді. Барлығы 5 пәтер берілді. Қалған қызметкерлердің де баспана жағдайы шешілсе екен деймін, - деді Әсет Қалиев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жұмыссыздарға медициналық көмек көрсетілмейді
  • Барлық елді мекенде медициналық пункттер ашылады
  • Президенттік клиника ақтөбеліктерге қызмет етпек
  • Биыл Ақтөбеде медициналық 5 нысанның құрылысы басталады
  • Батыстың дәрігерлері тіл конференциясында бас қосты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге