Спортқа жаңа басшы тағайындалды

    Спортқа жаңа басшы тағайындалды

    Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімінің бұйрығымен Мейрамбек Махамбетов дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды. Бұл туралы спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

    Мейрамбек Жанболатұлы 1989 жылы 6 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2011 жылы Астана қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті референті болып бастаған және сол жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілік басқармасының сарапшысы қызметін атқарған. 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін Астана қаласында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Дене шынықтыру департаменті Бұқаралық спортты дамыту басқармасының сарапшысы болды. 2014 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Дене шынықтыру департаменті Бұқаралық спортты дамыту басқармасының бас сарапшысы. 2015 жылдан бас-тап 2016 жылға дейін Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Әкімшілік және кадр жұмысы басқармасының басшысы. 2016 жылдың 1 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қысқы спорт түрлері басқармасының басшысы қызметін атқарды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Аудандарда бірнеше турнир өткізілді
  • Спортшыларымыз 18 медальға ие болды
  • Ақтөбеде ауыл спорты ойындары басталды
  • Дмитрий Васильевтің ісі сотқа түсті
  • Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 8 жылға сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге