Қант диабеті мен вирустық гепатитте дәрі-дәрмектер тегін беріледі

    Денсаулық сақтау министрлігі созылмалы ауруларды емдеудің әдісін өзгертпек, деп хабарлайды “ӘМСҚˮ КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы.

    Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында созылмалы ауруға шалдыққан науқасты пассивті диспансерлеудің орнына ол белсенді динамикалық бақылауға алынады.
    “Қазақстандағы өлімнің 70 пайызы инфекциялық емес созылмалы аурулардың кесірінен болып жатыр. Өкінішке қарай, білікті медициналық көмекке мұқтаж науқастардың көбі ауруын асқындырып, дәрігерге келеді. Осы ауруларды динамикалық бақылауға алу үшін негізгі және маңызды медициналық көмектің пакеті жасақталдыˮ, — дейді “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыныңˮ Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Гүлмира Қожаниязова.
    Динамикалық бақылаудың бұл түрі пациенттердің тікелей қатысуымен жүргізіледі. Яғни, пациент емхана дәрігерімен бірлесіп, өз денсаулығын күн сайын бақылап отыруы тиіс. Мұндай менеджменттің жақсы нәтиже берері анық. Өйткені, ол тиімділігі төмен диспансерлеу жүйесіне қарағанда аурудың асқыну, мүгедектіктің көбею қаупін төмендетеді.
    Басқаша айтқанда, науқастың өзі белгілі бір өмір салтын ұстанып, қажетті дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдап тұруы тиіс (мәселен, қан қысымын төмендету, қандағы қанттың құрамын бақылау үшін).
    Тағы бір айта кетерлігі, динамикалық бақылауға алынған пациенттер бұрынғыша диагностикалық қызметтердің негізгі түрлері мен салалық дәрігерлердің кеңесін тегін ала алады. Сондай-ақ, амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмектер тегін беріледі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктер ақылы емханаларда тегін қарала алады
  • Бағасы өспейтін 110 дәрі-дәрмек белгіленді
  • Онкологиялық науқастарға кәріс дәрігерлері көмектеспек
  • 15 мың балаға бір невропатолог немесе бір айлық нәресте тексеруден өту үшін орталыққа келу керек
  • 11 мыңнан астам ақтөбелік қант диабетімен ауырады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге