“Автопарктің” кондукторлары аштық жарияламақ

    11 маусым күні “Автопарк” ЖШС бұрынғы екі қызметкері мекеме ғимаратына келіп, наразылықтарын білдірді. Олар мекеме басшыларын Еңбек Кодексін бұзды деп айыптап отыр.Талаптары орындалмаса, бұрынғы кондукторлар аштық жарияламақ.

    Наразылық білдірушілер екеу. Екеуі де бұрын “Автопарк” ЖШС-де кондуктор болып қызмет еткен. Мекеме басшыларын “Еңбек Кодексін бұзды” деп айыптап отырған әйелдер талаптары орындалмаса, ертеңнен бастап аштық жариялайтындарын айтты.
    Наразылығын қатырма қағазға жазып алған екі әйелдің бірі- Светлана Барбосынова. Жасы 51-де. Айтуынша, “Автопарк” ЖШС-не 2005 жылы жұмысқа алынған. Бірақ, зейнетақы қорына қаржы тек 2013 жылдан бері аударыла бастапты. Оны кондуктор басшыларымен түсінісе алмай, жұмыстан қуылғаннан кейін бір-ақ білген.
    - Келісімшарт бойынша кондуктор күніне 8 сағат жұмыс жасауы және 1 сағат тамақтануы керек. Біз дұрыс тамақтанып та жарытпайтынбыз. Күніне 16 сағаттан жұмыс істеп жүрдік. Сондағы алатынымыз - 1700 теңге. Табельде тек 8 сағат қана көрсетіледі, –дейді ол.
    Бұрынғы кондуктор Жансая Дүсіпова: -Күннің салқындығына қарамастан, автобустың іші-сыртын жуатынбыз. Демалыс болса, “Автопарктің ” ауласын тазалаймыз. Сөйтіп жүріп екі бірдей баламды түсіріп алдым. “Жұмысқа себепсіз келмеді” деген сылтаумен кондукторлықтан қуылдым. Жұмыстан 54-баппен шығарылғандықтан мені енді ешкім алмайды. Баламды кім асырайды?! –дейді.
    Ал “Автопарк” ЖШС ресми өкілі Руслан Жылқаманов мекемеге тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. Айтуынша, компания басшысы Мейіржан Өндіргенов тұтқындалғаннан кейін дау айтып келушілер күрт көбейіп кеткен.
    -Бұл адамдар кондуктор ретінде штатқа 2013 жылы ғана қабылданды.Оған дейін автобус жүргізушісі болып жүрген туыстарының қарамағында істеген. Еңбекақыларын да сол жүргізушілерден алып жүрді. Зейнетақы төлемдерін құжаттары рәсімделіп, жұмысқа қабылданған күннен бастап аудардық,-дейді Руслан Жылқаманов.
    “Автопарк” ЖШС бұрынғы қызметкерлері бүгін бірнеше сағат бойы мекеме ғимаратына кіруге әрекет етіп көрді. Бірақ, күзетші оларды босағадан әрі өткізген жоқ. Осыған дейін еңбек департаментіне шағымданған екеу енді прокуратураға арыз жазбақшы.Егер талаптары орындалмаса, 12 маусымнан бастап аштық жариялауға бел буып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Автопарк”: Бар күш компаниядағы тұрақтылықты сақтап қалуға бағытталып жатыр
  • Танымал кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов тұтқындалды
  • Жедел жәрдем жүргізушілері шу шығарды
  • Автобустарда жол ақысы қымбаттамайды
  • Біздің сүйікті кондуктор
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге