Агроөнеркәсіп кешені – даму сатысы

    Агроөнеркәсіп кешені – даму сатысы

    Өткен аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс бабымен Ақтөбе облысына келді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде жобалық басқару аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен негізгі мақсатты индикаторлар жайында баяндады.

    - Жобалық басқару офисі өңірде өз жұмысын былтыр бастады. Меже бойынша, экономиканың даму қарқыны былтырғыдан төмен болмау керек. Осы жобалық басқару офисі 12 бағытты бекітті. Жобалық басқару жүйесі бізге экономиканың қосымша көздерін табуға көмектеседі,- деп атап өтті облыс әкімі.
    Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, біріншіден, қосымша құнның көлемін көбейту керек. Екінші, еңбек өнімділігін көбейту. Өңір
    бойынша 0,1 пайызға көбейтуге мақсат қойылды. Дәл осындай тағы бір индикатор – ол жұмысшылардың санын көбейту. Ол жөнінде де міндеттемелер бар. Өңір үшін қазіргі таңда төмен тұрған көрсеткіштің бірі - индустрияға салынатын инвестиция. Осыған орай биыл жалпы құны 76 миллиард теңге тұратын 15 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде кем дегенде 1400 жаңа жұмыс орны ашылады. Оған қоса кәсіпорындарды жаңғырту жөнінде келген тапсырма бар. Алдағы бес жылда 500 миллиардқа жаңғыртулар жасау керек. Ағымдағы жылы кем дегенде 35 кәсіпорынды 55 миллиардқа жасап, қосымша табыс көздерін табу қажет.
    -Келесі отын және энергетика мәселесі. Айтылған негізгі 4 индикаторды орындаймыз. Өнімділік пен инвестиция тартуда мәселе бар. Бірақ оған өз жоспарларымыз бар. Биыл ең кем дегенде құны 50 миллиард тұратын жобаны жүзеге асыруымыз керек. Негізгі жобалар энергетика министрлігімен бірігіп жасалып жатыр. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде 14 елді-мекенге 4 миллиардқа газ апарамыз,- деді Бердібек Сапарбаев. – Бізге берілген үкіметтің ең үлкен тапсырмасы - кәсіпкерлікті дамыту. Атап айтқанда екі миллион теңгеден тауар айналымы бар кәсіпкерлер санын көбейту. Олардың қатарын ең кем дегенде 600-ге көбейту керек. Ақшасын да 20 миллиардқа дейін көбейту керек. Біз биылғы жылды «Кедергісіз кәсіпкерлік» жылы деп жарияладық. Тексеру органдарымен де келістік. 40 мың адам қосымша консультация алып оқиды. «Ауылға қамқорлық» жобасы жүзеге асып жатыр. Ауылдан шыққан кәсіпкерлер арқылы ауылда шешілмей жатқан мәселені шешу көзделіп отыр. Бұйырса, өңірдің экономикалық өсуі кем дегенде 5 пайыз болады.
    Агроөнеркәсіп кешені – өңірді дамытудың бас-ты артықшылықтарының бірі. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығында құны 10,6 млрд. теңгеге он инвестициялық жобаны енгізу жоспарлануда. Суармалы жерлер алаңы былтырғымен салыстырғанда 41%-ға дейін артпақ. Сондай-ақ, асыл тұқымды ірі қара мал басы бір жарым есе көбейеді деп күтіліп отыр.
    Сапарбаевтың баяндамасын тыңдап болған соң сөзді премьер министрдің өзі алды. Ол жиналысқа келген актив өкілдеріне қаратып шағын бизнеске, үлкен кәсіпорындарға маман дайындау мен кәсіпкерліктің өзге де жаңа түрлері туралы айтты.
    -Соңғы кезде «Бизнестің жол картасы» бойынша берілетін қаржының көбі бізде ірі кәсіпорындарға кетіп қалып жатыр. Өйткені шағын кәсіпорындармен байланысып жүргенше, әкімге ірі кәсіпорынды қолдап жүрген жақсы. Оның инвестиция көлемі жоғары, ашылатын жұмыс орындарының саны көп, қайтарымы жақсы, айтқанда қомақты естіледі. Шағын кәсіпорын соның кесірінен қолдаусыз қалып жатыр. Оның басқа жолын іздеу керек,- деді Бақытжан Сағынтаев. -Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша салынған мектептер көп. Облысқа тағы 6 мектеп керек. Білім бойынша пилотқа кірейік дедіңіз. Кірдіңіз бе, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен жұмыс істеңіздер. Республика мүмкіндігінше көмегін береді.
    Бақытжан Сағынтаев облыстың әлеуметтік саласында мемлекеттік жекеменшік әріптестік бойынша тәжірибенің көптігін айтты. Балабақша, спорт, мәдениетпен қатар білімді де дамыту қажет. Оның айтуынша, шалғайдағы 1230 елдімекен 2021 жылға дейін жоғары жылдамдықты интернетке қосылатын болады. Қазақстан бойынша 600 кәсіпорынға талдау жасалынған. Қорытындысына сәйкес, кәсіпорындардың басым көпшілігі заман талабымен салыстырғанда өте артта қалып отыр. Тек қана тау-кен, мұнай-газ, шикізат саласы емес, басқа жаңа салаларды ашу ұсынылды.
    -Біз бәріміз білеміз, дамыған Еуропа шағын кәсіпорындар негізінде өз экономикасын жоғары ұстап отыр. Шикізатқа баға қанша өссе де, экономика бір орында тұрады. Осы жолға көшуде адами капиталды дамыту жоғары орынға қойылуы керек,- деді премьер министр. Жаңа экономикаға көшу үшін бізге ең алдымен жаңа білім меңгерген, инновациялық көзқарастағы адам керек. Егер де біздің барлық бағыт-бағдарымыз балабақшадан бастап университетке дейін ескі тәсілмен жүретін болса, оны біз қалай дайындаймыз? Колледждегі бағдарламалардың әдістемелерін өзгерту керек. Зауыттардағы жергілікті инженер мамандардың көбі Қытайға барып оқып келген. Қытайдың методикасын неге өзімізде оқытпасқа? Біз қашанғы ол жаққа барып оқимыз? Бізде мүмкіндіктің бәрі бар. Жобалық басқару бойынша облыста қандай сала дамиды? Қандай кәсіпорындар ашылады? Ол кәсіпорындарда қандай құрылғылар пайдаланылады? Ол құрылғылармен жұмыс істейтін адамдардың білімі қандай болуы керек? Соны алдын-ала жазу керек, содан кейін барып айту керек. Біздің колледждерде осының бәрін дайындайтын мүмкіндік бар ма? Болмаса маманның бәрін шетелге барып оқытамыз.
    Ауыл шаруашылығы бойынша бағдарламаға өзгерістер енгізілді. Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлерді жаппай қолдауға болмайды. Егер де шығаратын өнім экспортқа бағытталған болса, көмектесеміз. Барлық жағдайды жасаймыз. Жерге еккен дәннен шетелге сатылған өнімге дейін қолдау болады. Ал бүгінгі жағдайда қаламыз десе, ішкі нарықты игеруге мүмкіндік бар. Бір қиыны болашақта бәсекеге төтеп бере алмауы мүмкін. Сондықтан талпынып, өнімді сапалы шығару керек. Мәселен, сүт, ет өнімдерін Белоруссия, Украинадан әкеліп жүрміз. Өзімізде шағаруға мүмкіндік бар. Ауыл шаруашылығында 3 миллиард теңгеге жуық өнім импортталады. Ішкі сұраныс негізгі мәселенің бірі, - деді Сағынтаев. -Қарапайым нәрселерді өзімізден шығару керек. Ол үшін өзімізден сұраныс болу керек. Өскеменде болған кезде білдік, сантехника, радиоторлар, оларды қосатын трубаларды әлі күнге дейін сырттан әкеледі. Неге шет жақтан әкелдің демейміз. Соны неге өзіміз шығармаймыз? Қаншама жұмыс орны ашылар еді. Кейбір құрылысшылар өзімізде шығатын өнімдерді әлі күнге дейін білмейді. Жаңа жолға түсеміз десек, кәсіпорындарға скрининг жасауымыз керек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе инвестиция тарту бойынша алда келеді
  • Қобданың күйі жақсы
  • Премьер-министр Бердібек Сапарбаевты клондауды ұсынды
  • Ауылдық өнімдер зауытқа тапсырылады
  • Бердібек Сапарбаев: Құрттан да пайда табуға болады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге