Сары май мен тары-талқанға да субсидия беріледі

    Өткен сенбіде “Табыс” базарындағы ауылшаруашылық жәрмеңкесінде Ойыл ауданының өнімдері сатылды. Сөрелерде сиыр мен қой, жылқы еттері ғана емес, сары май, қымыз, құрт, шұбат пен тары-талқандар келушілердің көзін тарта бір-бірінен өте самсап тұрды.

    Ет және тары өңдеу цехы, қымызхана
    ашылады.

    Жәрмеңкеге ауданның 24 шаруа қожалығы өз өнімдерін әкелген. Сөреге қойылған тағамдардың бәрі де төмен бағамен сатылды. Қой еті 1000 теңге, сиыр еті 1250, жылқы етінің бағасы 1500 теңгеден тұрды. Ет қойылған сөрелердің алдына тұрғындар таңғы сегізден ағыла бастады. Ойыл аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысы Сүйіндік Өскенбаевтың айтуынша, жәрмеңкеге 15 бас ірі қараның, 5 бас жылқы, 20 бас қой еті әкелінген. Базардың жәрмеңке үшін арналып қойылған сөрелерін еттен өзге Ойылдың брендіне айналған тары мен майқұрт, дәстүрлі емес өнімдерінен ешкінің сүті, бөдененің жұмыртқасы, тауық еті мен жұмыртқасы болды. Бөлім басшысы ауданда ауылшаруашылық саласы жақсы дамып жатқанын айтады.
    -Биылдан бастап ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге бет бұрдық. Себебі сондай талап бар. Қазірде біздің ауданда ет өңдеу цехы ашылады. Оның жұмысы қызу жүріп жатыр. Сондай-ақ, қымызхана да ашылады. Қымыздың өзі қазір сатылып жатыр. Ғимарат құрылысы тамыз айында бітеді деген жоспар бар. Қымызхана “Сарыбие” ауылдық округінде. Қымыздың бағасы 500-600 теңге.
    Үшінші өндірілетін өнім ол - тары. Кәсіпкеріміз Жақып Жұма бұрыннан тары жасаумен айналысып келеді. Жуырда цех ашатын болды. Біз кәсіпкерге аудан басынан ғимарат тауып бердік. Енді сол ғимаратқа құрылғыларын әкеліп іс бастайды. Күніне 250 келі тары шығарады,- дейді бөлім басшысы Сүйіндік Өскенбаев. -Ауданның өзінде әр сенбі, жексенбі сайын жәрмеңке өтеді. Саудаға ірі қара мен қой еті, жылқы еті, сүт өнімдері қойылады. Халық игілігін көріп жатыр. Бұрынғы “Көкжар” жәрмеңкесінен сауда қатарларын ашып қойдық. Алдыңғы шепте ауылшаруашылық тауарларын шығарып сатамыз.
    Ойыл ауданында мал шаруа-шылығымен айналысатын 315 шаруа қожалығы жұмыс істейді. “Тәжібай агро” ЖШС мемлекеттік бағдарлама арқылы биыл ауданға 1000 бас америкалық абердин ангус тұқымдас сиыр әкеліп жатыр. Шетелден келген асылтұқымды ірі қараның бәрін якорлық шаруашылықтарға бөліп бермек. Осылайша, ауданда мал басы көбеймек.
    Өнімді барлық
    жерде сату керек.

    Ет өнімдерін көз сүзгісінен бір өткізген облыс әкімінің ауылшаруашылық саласы жөніндегі орынбасары Мавр Абдуллин сүт өнімдері жақта ұзақ жүрді. Кәсіпкерлермен сөйлесіп, тауарлардың жанына жақындап кейбіріне ерекше назар салып кетті. Сары май 2000-2500 теңге, сүзбе 350 -500 теңге, тары 600 теңге, майқұрт 1000 теңге, ірімшік 1200 теңгеден сатылды.
    -Өнімдеріңізді тек Ойылдың жәрмеңкесіне ғана әкелуге болмайды. Кәсіп қылып осы жаққа әкелсеңіздер, сатып аламыз. Бутиктерге бүкіл өнімдеріңізді әкеліп қойыңыздар. Қазір ылғи сөктен қайнатылған тары жеп жатырмыз. Ойылдың өз тарысы қолымызға түспей жүр. Әкеліңіздер, табиғи тары тұрса халық міндетті түрде алады. Ауданда өндіріс көп, бірақ бұл туралы ешқандай есепте жоқ. Неге әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы өнімді көрсетпейсіздер? Жәрмеңкеге әкелеміз, есепте де, Ақтөбенің базарында да көрінбейді. Біз түпкі нәтиже - сары майға субсидия береміз. Сіздер соны алмайсыздар. Себебі, сіздер мұның бәрін ешқайда көрсетпей әкеліп өткізіп жатырсыздар. Өндірілген өнім ретінде көрсетсеңіздер, субсидия беріледі. Үкіметтің беріліп жатқан ақшасынан өздеріңіз қағылып отырсыздар,- деді Мавр Абдуллин. - 11 кооператив бар. Соның 3-4-уі ғана есеп береді. Осының бәрін кооператив арқылы өндірілген өнім қылып көрсетсеңіздер, ауданның көрсеткішін көтереді. Қымыз да, шұбат та көп. Тары-талқан да өндірілген өнімге жатады.
    Ойылда ешкінің табиғи сүті
    бар.

    Жәрмеңкеге қойылған өнімдердің ішінде ешкінің сүті де болды. Бірақ оған көп адам аса мән берген жоқ. Есесіне ешкінің сүті өте құнарлы, шұбаты түйенікінен кем емес. Көптоғай ауылдық округінен келген “Балташ” шаруа қожалығының басшысы Серікбай Жетпісбайұлы 1998 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысып келеді. Екі жылдан бері ешкі ұстап отыр. Қазір 30 ешкі сауында.
    - Ешкінің тұқымын Ресейдің Краснодар қаласынан әкелдік. Ешкілерді келіндерім сауады. Бұл малдың сүті үш күнге дейін ұсталады. Ауылда мұздатқышта сақтап осында жеткіздік. Ешкінің сүтінен әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Мінекей, ешкінің шұбаты да тұр. Түйенің шұбатынан артық болмаса ешқандай кем емес. Бірақ, ешкінің сүтіне адамдар көп мән бермейді. Бүгін міне, әкеліп жатырмыз. Алып жатқан адам жоқ. Сүт өте құнарлы, табиғи, таза. Ғарышкерлер де жерге қонып жатқанда осы ешкінің сүтін ішкеннен кейін аяғынан тік тұрады дейді. Бұдан өзге жылқы шаруашылығымыз бар. Ешкінің біреуін 110-120 мың теңгеге сатып алдық. Бізге ол қымбат емес. Есесіне бала-шағам таза тамақ ішеді. Балаларым үшін, немерелерім үшін алдым. Артық ауысқанын сатып жіберемін. Басында 12 ешкі алдым. Қазір 30 ешкі туып тұр. Өзін өзі жабады. Бір ешкі 1,5-2 литрден сүт береді. Күніне екі рет сауса 3,5-4 литр сүт береді. Шикілей де, пісіріп те ішуге болады. Пісірсе екі күннен кейін айран болады. Арты жерде ішілмей қалмайды,- дейді “Балташ” шаруа қожалығының басшысы Серікбай Жетпісбайұлы. Жәрмеңкеге 30 литр сүт, 15 литр шұбат әкеліп отырмыз. 1998 жылы шаруашылық аштым. Қазақтың төрт түлігін де ұстаймыз. Бәрі бар, шүкір. Малға даланың шөбін жем-шөп қылып отырмыз. Шабындықты уақытында жинап аламыз. 7500 гектар жеріміз бар. Бүгін жәрмеңкеге бір жылқы етін әкелдім, жылқы семіз. Түгелдей өтіп кетті. Қазы да әкелдік. Оның да бағасы 1500 теңге. Мұндай бағаға сатып алу таптырмас мүмкіндік.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қалың қалай, ойылдық шаруа?
  • Ешкі сүті – жанға шипа
  • Өрісі өркендеген мұғалжар
  • Ойылдық бренд - сары тары
  • Өткен сенбі “Табыста” 11 тонна ет сатылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге