Жетім лақтар қолға көнбеді

    Жетім лақтар қолға көнбеді

    Ырғыздық шенеуніктердің киіктің жетім лақтарын қорада бағу туралы идеясы қолдау тапқан жоқ. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне сенімді ақпарат көзі хабарлады.

    Торғай зоологиялық қаумалына қарасты Құланшы учаскесінде аналық киіктер өліп, лақтары жетім қалған еді. Ырғыз ауданының әкімі Мейірхан Дуанбеков “жетім лақтарды күзге дейін тұрғындарға бөліп береміз” деген болатын.

    Ырғыздан жеткен хабарға қарағанда, тұрғындар жетім лақтарды қорасында бақпақ та болған. Алайда, түз жануары қолға көнбепті. Әрі ветеринар мамандардың киіктің қырылуына қатысты сараптамасы шықпағандықтан да тұрғындар алаңдап отыр. Яғни, жұрт киіктің ауруы қорадағы малға жұға ма деп қорқады.Осылайша, ырғыздық шенеуніктердің киіктің жетім лақтарын қорада бағу туралы идеясы көпшіліктен қолдау тапқан жоқ.

    Киік қырылған аумақта негізгі жұмыстар аяқталған. Бірақ, өлекселер әлі де табылып жатыр. Мұны Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының орынбасары Әнуарбек Бермағанбетов те растады.

    Ырғыз ауданының аумағынан жуырда тағы 213 өлексе табылып көмілді. Осылайша, Ырғыз ауданында 18 мамырдан бастап қырылған киік саны 8 360 бас болды.

    Ырғыз, Әйтеке би аудандарында жағдайға Ақтөбе облыстық экология департаменті де алаңдаушылық білдіріп отыр. Экологтар көршілес екі ауданның ауасы,топырағы мен суынан тоқсан сайын сынама алмақшы. Жергілікті мамандар бұл ұсыныстарын Астанаға жолдадады. Егер министрлік қолдап, қаражат бөлсе, тексеру тоқсан сайын жүргізілетін болады.

    Экологтардың айтуынша, Ырғыз-Торғай мемлекеттік резерватынан сынама соңғы рет 2012-2013 жылдары алынған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғызда киік өлекселері әлі де табылып жатыр
  • Киіктің лақтары жетім қалып жатыр
  • Ырғызда киіктің лақтары жетім қалып жатыр
  • Ырғыздан тағы 2047 киіктің өлексесі табылды
  • Ырғызда киік қырылып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге