Cу үшін 6 млрд теңге бөлінді

    Cу үшін 6 млрд теңге бөлінді

    Ақтөбе облысының сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 6,0 млрд. теңге жұмсалады. Алдағы жылы облыс өңірлерінде 6,4 млрд. теңге сомасына 19 газбен жабдықтау жобасы іске асырылатын болады.

    Бүгінде өңірде 374 елдімекен бар. Солардың 190-ы орталықтандырылған сумен жабдықталған. 184-і орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды пайдаланады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауғы қалалық елдімекендерде 100%-ды құраса, ауылдық жерлерде – 79,5% құраған. Орталықтандырылған су тарту жүйесі қалалық елдімекендерде 99,5%, ауылдық елдімекендерде – 24,1% құрайды.
    -Облыс аудандарын сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 6 млрд.теңге қаражат бөлінді. «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы мен Жағабұлақ ауылында 2 жоба жүзеге асырылуда. «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша облыстың барлық аудандарында және Ақтөбе қаласында 25 жоба іске асырылатын болады. Оның 6-ы 2019 жылға ауыстырылған жобалар болып табылады. Биылғы жылы Ырғыз ауданының Белшер ауылындағы су құбырлары желісінің құрылысы аяқталады. Ырғыз ауданының Нұра және Мамыр ауылдарының тұрғындары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілетін болады, - дейді Ақтөбе облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дастан Аманов.
    Сонымен қатар 269,4 км сумен жабдықтау желілері салынып, 41,4 км сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылады. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде ауылдық елдімекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау 82,6% құрайды. Бүгінде газ құбырларының жалпы ұзындығы 6 270 км құрайды. Ақтөбе облысындағы 374 елдімекеннің 115-не газ тартылған, оларда 752 мыңнан астам адам тұрып жатыр.
    -Осы жылы жалпы сомасы 483,2 млн.теңге болатын 3 ауыспалы жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде Әйтеке би ауданының Аралтөбе ауылына газ жеткізу құбырының және Хромтау ауданының Жазық ауылындағы газ құбырының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Екі жыл ішінде жалпы сметалық құны 6,4 млрд.теңге болатын 19 газбен жабдықтау жобасы іске асырылатын болады. Сонымен қатар бұрындары жылуды берген кезде дұрыс жүргізілген жоқ. Қазір аудандарда газдың, жылудың, судың толық жүргізілуіне мемлекет тарапынан үлкен көмектер беріліп отыр. Өңірдегі кейбір аудандарды жылумен қамтамасыз етуге біршама жұмыстар жүргізіліп келеді. Сонымен қатар бүгінде өңірде есепте жоқ электр жүйелерін есепке алу жөніндегі жұмыстар осыдан 3-4 жыл бұрын басталған еді. Қазірде осының барлығы жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Бүгінде есепке алынбай электр жүйелерін пайдаланатындар жоқ, - дейді Ақтөбе облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысының орынбасары Қаржаубай Ыбырайымұлы.
    Бүгінде Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ойыл, Ырғыз, Мұғалжар, Темір, Қобда аудандарының ауылдарына газ жеткізу құрылыстары басталды. 14 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Оларды пайдалануға беру 2019 жылға жоспарланған. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде тұрғындарды газбен жабдықтаумен қамтамасыз ету 89% құрайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл 8 мың ақтөбелік “Нұрлы жер” бойынша баспаналы болады
  • “Ақтөбеден үлгі алыңдар!”
  • Биыл жол жөндеуге 7,8 млрд теңге бөлінді
  • Ұлттық қордан 24 млрд теңге бөлінді
  • Биыл қай ауылдарға газ жүргізіледі?
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге