Ақтөбеліктер Денис Тенмен қоштасты

    Ақтөбеліктер Денис Тенмен қоштасты

    Ақтөбе халқы 20 шілде күні мұз айдынының ерекше мәнерлеп сырғанау иесі Денис Тенмен қоштасты. Алматыда көліктің айнасы үшін өлім құшқан 25 жастағы Денис ақтөбеліктерді де алаңсыз қалдырмады.

    25 жасында кісі қолынан қаза тапқан Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы 2014 жылы өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Денис Тенмен ақтөбеліктер қоштасу кешін ұйымдастырды.
    -Мәнерлеп сырғанауда жеңіске жету үшін өмірін қию керек. Бар өмірін мәнерлеп сырғанауға арнаған Денис Тен де өмірден өтті. Ол биік белесті бағындыру үшін көп еңбектенді. Олимпиадаларда жүлделі орынға қол жеткізу үшін күн-түн демей да-йындалу керек. Әр күні 10-12 сағатты дайындыққа арнауға тиіспіз. Біз үшін Денис Теннің өмірден өтуі өте қайғылы жағдай. Жалғыз-ақ мәнерлеп сырғанаудан мақтанышымыз, небәрі 25 жасында Қазақстанды әлемге мойындатқан спортшымыз. Әрине біз тек Қазақстанның спортшысын емес, барлық әлем жақсы көретін спортшыдан айырылып қалдық. Ақтөбелік мұз айдынының мәнерлеп сырғанаушы балалар үшін үлгі тұтатын азаматы Денис Тен еді. Балалар үшін де бұл өте ауыр соққы болды,-дейді мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы Анна Лычко.
    Қазақстанда бірінші болып мәнерлеп сырғанаудың бар екенін көрсеткен Денис Тен 2013 жылы мәнерлеп сырғанаудан өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Сондай-ақ, ол төрт құрлық арасында өткен 2015 жылғы чемпионаттың жеңімпазы және VII қыстық Азиада ойындарының жеңімпазы. Еске сала кетейік, 19 шілде күні Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан бес дүркін чемпионы, әлем чемпионы Денис Тен кісі қолынан қаза тапқан еді. Оның көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адам спортшыны пышақтап кеткен.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жас мәнерлеп сырғанаушы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
  • Әлемнің мықты спортшылары Алматыда бақ сынайды
  • Денис Тен Париждегі жарыста Гран-при алды
  • Анықтама
  • Денис Тен - үздік костюм иесі
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге