Біз сені ұмытпаймыз, Нұрбол...

    Біз сені ұмытпаймыз, Нұрбол...

    █...Күнде біреу келіп, біреу кетіп жататын редакция өмірі қым-қиғаш оқиғаларға толы. Кезекті демалыстан соң кабинетке келсем, бейтаныс жігіт отыр екен.

    Жылы амандастық. Саны аз журналистердің арасына келген жаңа әріптесімізбен сол бойда танысып алдық. Есімі Нұрбол екен. Бізге бет қаттаушы болып жұмысқа келіпті. Сол сәттен бастап- ақ тез тіл табысып, бірге жұмыс жасап кетті. Нұрболмен алғашқы таныстығымыз осылай басталып еді...
    Алғаш бес күндік жалақысын алған күні ертеңіне қыздарға тәтті торт әкеліп берді. Қолында бір бума тәттісі бар.
    - Шағын болса да, алғашқы жалақым болғасын сіздермен бөліскім келген, шәй ішерсіздер,- деді ұяла жымиып. Редакция қыздары мәз-мейрам болып отырып шәй ішкеніміз есімде...
    Нұрбол біздің ортамызда тура бір ай ғана жұмыс жасады. “Керек.info” газетінің тұп-тура бес санын қаттап үлгерді... Сөйтті де өзі мәңгі мекеніне аттанып кетті. Нұрболдан қапыда айрылып қаламыз деп кім ойлаған?! Осы айда 28 жасын тойламақшы болып жоспар құрып отырған, үйленбек болып қалыңдығымен туыстарын таныстырып қойған әріптесімізді кісі қолынан қаза табады деп әсте ойлап па едік... Бұл апта редакция үшін қаралы басталды. Салмақты, артық ауыз сөзі жоқ, өз ісін тыңғылықты атқаратын, бір сөзді, ақылды, бауырмал, ешкімге өзеуреп ақыл айтпайтын атпалдай әріптесімізден қапыда көз жазып қалдық. «Ертең келіп шаруамды аяқтаймын» деп жұмыс үстеліне керек-жарағын қойып кеткен Нұрбол сол күйі оралмады... Нұрболдың анасына, бауырларына қайғырып көңіл айтамыз... Осындай ұл тәрбиелеген анасына иіліп тағзым етеміз. Алла алдыңнан жарылқасын, мәңгілік тұрағыңды жәннаттан қылсын, әріптес... Қош бол, біз сені ешуақытта ұмытпаймыз, Нұрбол!▼

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әйтеке би ауданының бұрынғы бас имамы жоғалып кетті
  • Жастар қаза болғандарға арнап гүл шоқтарын қойды
  • “Керек.info” редакциясы жаңа кеңсеге көшті
  • “Туристік дүкен” өртенді
  • Алғада ет өңдейтін комбинат салынып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге