Жалақысы аз жұмысшылардан салық жүктемесі азайтылады

    Ақтөбелік жалақысы аз жұмысшылардан салық жүктемесі азайтылады. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» бойынша қаңтар айынан бастап алынатын салық 1 процентті құрайтын болады.

    Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы қаңтар айынан бастап жүзеге асатын болады. Екінші әлеуметтік бастамасында жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту болып табылады. Елімізде жалақысы төмен жұмысшыларды қолдау мақсатында 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жеке табыс салығының мөлшерлемесін 10 есе төмендету көзделген.

    Жалақысы аз жұмысшылардан ай сайын 1% салық алынады
    - Жалақысы аз жұмысшылардан салықты 1 пайыз ғана ұстап қалатын
    болады. Сәйкесінше аталған өзгерістер салық кодексіне енгізіліп 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қүшіне енеді. Аталған салық жүктемесінің жеңілдіктері ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінде болады. 2019 жылға АЕК көрсеткіші шамамен 2 525 тенге болады деген жоспар бар. Қаңтар айынан бастап жалақысы 63 125 теңгеге аз айлық алатындарға қатысты болмақ. Бүгінгі кезде біздегі есеп бойынша бір АЕК- 2 405 тенгені құрайды,-дейді Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы бойынша бас маманы Көбейсін Өркен.

    Елімізде 2 млн-нан астам адамның ең төменгі жалақы алатыны анықталған
    Елбасы төмендетілген салық мөлшерлемелері жалақысы төмен жұмысшыларға жалақы ретінде қосымша үстеме ретінде қарастырылу керектігін алға тартты. Елімізде 2 млн-нан астам адам ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштен төмен жалақы алатындығы анықталған.
    - Негізінен жалақысы аз жұмысшылар ауыл шаруашылығы және сауда
    саласында жұмыс істейтіні белгілі болды. Екінші әлеуметтік бастаманы іске асыру мақсатында салық ауыртпалығы 10 есеге азайып, қызметкер қосымша табыс алудың жедел әрі кепілдендірілген түрін бағамдайды. Сонымен қатар жұмыс берушіге қаржылық ауыртпалықты арттырмайды. Жұмыс берушінің әкімшілік шығындары азаяды. Сол себепті табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеу жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр. Яғни, табысы жоғарылаған сайын, қазынаға да көбірек салық төлеу жолдары қарастырылатын болады. Іс жүзінде салық салудың әділетті жүйесі қалыптасуы керек деп есептеледі. 2007 жылға дейін жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы қолданылды. Уақыт өте келе шарттар жеңілдетіліп, еңбек етушілердің салық жүктемесі бастапқыда 5 пайыз болса, кейін ол тағы да 30 пайыздан 20 пайызға дейін төмендетілді. Ел экономикасы өзгерістерге ұшыраған тұста салық салу жүйесі де кезең-кезеңімен реформаланып отырды. Қазір сол өзгерістерді қайта қарап, жеке табыс салығын прогрессивті шкала арқылы өтеу жолдарын енгізудің қажеттілігі туындап отыр,-дейді бас маман Көбейсін Өркен.

    Саудагерлер мен шаруашылықтағы жұмысшылардың жалақысы аз
    Бүгінде көп жағдайда айлық табысы 60 мың теңгені құрамайтын саудагерлер мен шаруашылық жұмысшылары дейді кірістер департаментінің мамандарының айтуы бойынша.
    - Барлық республиканың өзін есептегеннің өзінде 2 млн-нан астам
    жұмысшының айлық табысы 60 мың теңгеге де жетпейтіні мәлім болды. Бір ғана ақтөбенің өзінде де жалақысы 60 мың теңгеге жетпейтін қаншама адамдар бар. 1 қаңтардан бастап олардан алынатын салық тек 1 пайыз ғана болады. Елбасының бес әлеуметтік бастамасы қарапайым жұмысшылар үшін жақсы жеңілдік,-дейді Көбейсін Өркен.

    Жалақы көбейетін болады
    - Жұмысшының бір айлық жалақы мөлшері 60 125 теңге деп
    есептеп көрейік. Ол 25 АЕК құраса осы аталған сомманың 10 пайызы міндетті зейнетақы жарнасы болып табылады. Бұл дегеніміз 6013 теңге. Қалған 54 112 теңгедең ен төменгі салық салынбайтын табыс ол 28 284 теңгені алып тастасақ 25 828 теңге қалады. Осы қалған сомманың 10 пайызы жеке табыс салығын құрайтыны 2583 теңге. Ендігі кезекте осы 10 пайыз 10 есе төмендетіліп 1 пайызды құрап, 258 теңгені құрайтын болады. Ал жалақы көлемі 2325 теңгеге ұлғаятын болады. Міне осының нәтижесінде алдағы жылдан бастап ең аз дегеннің өзінде ай сайын ұсталатын салық 258 теңге болады,-дейді Көбейсін Өркен.
    Осының нәтижесінде еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірі жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады. Әрі қарай Үкімет табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуі керек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көп балалы аналар салық төлеуден босатылады
  • Ақтөбеде алаяқ өзін салық қызметкерімін деп таныстырған
  • Хромтау мен Темір аудандары жоспарды орындамаған
  • Ақтөбеліктер салықшыларға 9 млрд теңге қарыз
  • Қазақстан мұсылмандар одағы жыныстық қатынас үшін салық салуды ұсынады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге