Сапарбаев: «Тамыр-танысы бар спортшылар ғана жарысқа қатысады»

    █ Ақтөбе облысы әкімінің ашуын бұл жолы өңірдегі спорт саласына бөлінетін миллиондар мен нәтиженің жоқтығы шақырды.

    - Спортшылар мен жаттықтырушыларды іріктеу кезінде әлі де болсын ескі әдеттен арыла алмай келеміз. Спортшылар жарысқа тамыр-таныстықпен қатысады. Оған күмәнім жоқ. Нағыз спорттың майталмандары ол жаққа жіберілмейді, әйтпесе нәтиже қайда?-деді облыс әкімі 23 тамыз күні Дене мәдениеті мен спорт Басқармасының жетекшісіне қарап.
    Әкімнің айтуынша, чемпионатқа дайындық барысында миллиондап қаржы құйылады. Бірақ нәтиже жоқ. Неге? Оған Сапарбаев Басқарманың жауабын күтпестен өзі жауап берді.
    - Біз бәрін қарап тексердік. Миллиондап қаржы жиналады. Бірақ одан кейін Қазақстан мен Азия чемпионатына нағыз мықты спортшылар өтпей қалып жатады. Есеп беру кезінде ақша жинауға 1000 адам қатысты делінеді. Ал, негізі одан аз. Меніңше, бүгінгі күні Ақтөбе облысының спорты шығынға, талаптарға сай емес,-деді әкім.
    Облыс әкімі спорт басқармасының 29 жастағы жас басшысы Мейрамбек Махамбетовке қаратып басқа ештеңе айтпады. Себебі қызметке 2018 жылдың маусым айында ғана кіріскен екен. Керісінше үміт күтетінін жеткізді.
    - Мынау басқарманың жаңа басшысы, -деді әкім спорттық мектептер мен колледж басшылары, жаттықтырушыларға қарап.- Астанада жұмыс істеген, өзі ақтөбелік мектептің түлегі. Бәріңіз жабылып қолдасаңыздар, жақсы нәтижеге жеткізетін болады, - деді ол.

    Мейрамбек Махамбетов – Ақтөбе қаласының тумасы, Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің түлегі.
    Еңбек жолын 2011 жылдан бастады. ҚР Спорт жән туризм Министрлігіне қарасты Комитетте спорт бөлімі бойынша референт, ҚР Спорт жән туризм Министрлігіне қарасты Комитетте әкімшілік және құқықтық басқару бойынша эксперт болып жұмыс істеді.
    2012 – 2014 жылдар аралығында Астана қаласы дене мәдениеті және спорт ісі бойынша ҚР дене мәдениеті Агенттігі департаментіне қарасты бұқаралық спорт даму басқармасының эксперті;
    2014 – 2015 жылдары Астана қаласы дене мәдениеті және спорт ісі бойынша ҚР дене мәдениеті Агенттігі департаментіне қарасты бұқаралық спорт даму басқармасының бас эксперті;
    2015 -2016 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты спорт және дене мәдениеті Комитетіне қатысты әкімшілік және кадрлық жұмыс басқармасының жетекшісі;
    2016 жылдың 1 маусымынан ҚР Мәдениет және спорт Министрілігіне қарасты дене мәдениеті және спорт Комитетінде қысқы ойындар спорты басқармасының жетекшісі қызметтерін атқарды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде VІ халық спорты ойындары өтті
  • Ақтөбеде спорттық жазғы ойындар өтті
  • Спортқа жаңа басшы тағайындалды
  • Ақтөбеде ауыл спорты ойындары басталды
  • Ақтөбелік спортшылар марапатталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге