Ақтөбеде бауырсақ қомағайларының жарысы өтеді

    █ 21 қыркүйек күні “KERUENCYTI” ойын-сауық орталығында бауырсақ жеуден сайыс өтеді. Басталуы сағат кешкі алтыда. Бір минут ішінде 10 бауырсақты бірінші болып тауысқан адамға ақшалай сыйлық бар.

    Шараны Байғаниннің 90 жылдығына орай аудан жастары ұйымдастырып отыр. Бауырсақтың 10 түрі пісіріледі. Ақтөбеліктерге арнайы пісірілетін бауырсақтардың сыртқы пішіні мен рецепті бір-біріне ұқсамайды.
    - Арасында ши бауырсақ, дөңгелек, төртбұрышты түрлері бар. Бауырсақ өзі дәмді ас қой. Ал оның әр түрлі пішінде пісірілуі тәбетті одан сайын аша түседі. 50 келі бауырсақ әкелеміз. Келушілерге тегін беріледі,- дейді Байғанин аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Сая Сағынғалиева.
    Бауырсақ кешінің бұл жолғы ерекшелігі – қомағайлар сайысы. Келушілердің арасынан 10 адам шығып, ойынға қатысады. Сайыскерлер бір минуттың ішінде 10 бауырсақ жеп үлгеруі керек. Жеңімпазды сыйлық күтіп тұр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктер “Бауырсақ мерекесін” тойлады
  • Биыл барлық киіз үйлердің есігі ашық болады
  • Шымкентте бауырсақ пісіруден абсолютті рекорд орнатылды
  • Ақтөбеде Наурызға орай 5 тонна бауырсақ пісіріледі
  • Дмитрий Васильев пен бауырсақтардың “жыры”
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге