Ақтөбеде аналар слеті өтті

    Ақтөбеде аналар слеті өтті

    Ақтөбеге еліміздің түкпір-түкпірінен 1200-ден аса әйел жиналды. Бүгін қалада Аналар слеті өтті. Оған қатысушылар - елдің мәдениеті мен спортының, білімі мен ғылымының, медицинасының дамуына үлес қосқан нәзік жандылар. Олардың қатарында Бибігүл Төлегенова, Зейнеп Ахметова, Раиса Күзденбаева, Алтыншаш Жағановалар бар.

    Аналар мәселесі мемлекетімізде күн тәртібінен түскен емес. Мемлекет басшысының жанында Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия бар. Бүгін слетке жиналғандарға Қазақстан президенті құттықтау хат жолдаған. Оны облыс әкімі оқып берді. Форумға қаланың, облыстың әлеуметтік, экономикалық, мәдени тұрғыдан дамуына еңбегі сіңген, талай жыл басқарушылық қызметте болып, Ақтөбенің күрделі мәселелерін шешуге үлес қосқан әйелдер жиналды. Олардың ізбасарлары қазіргі Ақтөбені қалыптастырып жатыр. Қыз-келіншектердің қарқыны зор. Білім, мәдениет, кәсіпкерлік, экономика басқармаларының тізгінінде әйелдер. Облыс әкімі олармен иық тірестіре жұмыс істеп отырғанын атап өтті. Бүгін бір жерге жиналған белгілі тұлғалар қоғамдағы өткір мәселелерді әсіресе, қыз бала тәрбиесі, отбасы құндылықтары төңірегінде пікір алмасып, ой бөлісті. Жастарға аналарды ардақтап, құрмет көрсетуді өсиет етті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде өткен шеруге 43 мыңға жуық адам қатысты
  • Әйелдерге қатысты қылмыс 90 пайызға өсті
  • 100 жасаған аналар бар
  • Тәуелсіздікті нығайтуға үлес қосқан үздіктер марапатталды
  • Мейрамхана бизнесіне арналған семинар өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге