Жат ағым өкілдерінің саны өсіп барады

    Жат ағым өкілдерінің саны өсіп барады

    Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев өңірде жат ағым өкілдерінің саны көп екенін айтты.

    - Ақтөбе облысы бойынша діни ахуал тұрақты. Дегенмен алаңдататын мәселелер жоқ емес. Жастардың арасында деструктивті діни ағымдар ықпалына ұшырып отырғандардың бары құпия емес. Саны да біраз бар. Оның барлығымен жұмыс жасап жатырмыз. Жастар интернеттен белгісіз мәліметтің ақ-қарасын айырмай бойына сіңіріп, жан-жағына тарата бастады. Жастармен жұмысқа білікті мамандар тартылып жатыр, — деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.
    Ақтөбедегі 67 мешіттің барлығы да білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Олардың 29-ы жоғары, 45-і орта діни білім алғандар. Магистратура бітірген алты маманның екеуі Шалқар және Мұғалжар ауданына жіберілген.
    Өңірдің өкіл имамы енді мешітке түсетін садақа ақшасы туралы халық алдында есеп беретіндерін айтты.
    - Көп қозғалып жүрген мәселе мешіттің айналасындағы қаржыға, түсімге, садақаға қатысты ашықтық. Бас мүфти осы мәселені қамтамасыз ету үшін қаржының ашықтығына байланысты қадамдар жасады. Рамазан кезіндегі түсімнің барлығын діни басқарма бақылауда ұстап, бұл жөнінде халық алдында есеп берілетін болады. Өткен жылы 24 млн. теңге көлемінде Ақтөбе мешіттері қайырымдылық жасаса , биыл 15 млн.теңге көлемінде көмектер жасалынған, — деді бас имам Төлеби Оспан.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жат ағым өкілі ауырып жатқан баласына қан салдырмаған
  • Теріс ағымда жүрген темірліктер кәсіпкерлікпен айналыса бастады
  • Орталық мешіттің имамы ауысты
  • Мешітке түскен ұры адасқан ағым өкілі болып шықты
  • Наиб мүфти: Жамағаттың имамдарға көңілі толмайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге