Ақтөбеліктер атышулы косметологиялық орталықпен соттасуда

    Ақтөбеде анасы мен қызы “Self clinic” медициналық орталығын сотқа берді. Косметикалық фирмаға сұлу боламын деп барған олар өз аттарына несие рәсімдеп, шығынға батқан. Алайда әдемі болғысы келген зардап шегушілер керісінше косметологтардың өздеріне дұрыс қызмет көрсетпей, бет терісін бүлдіргендерін айтады.

    Ақтөбелік Кенжебике Жалмұханова қызымен екеуін сорлатқан медициналық орталықты заң алдында жауапқа тартқысы келеді. 55 жастағы әйелдің айтуынша, ол өткен жылы шілде айында қызымен бірге “Self clinic” медициналық орталығына барып, екі жыл бойы косметикалық қызмет алуға келіскен. Тіпті аузын айға білеген косметологтардың сөзіне имандай сеніп, “Home Credit Bank” АҚ арқылы 540 мың теңгеге несие рәсімдегендерін де білмей қалған көрінеді. Алайда іс жүзінде бәрі басқаша болып шыққан.
    - Олар желілік жүйе секілді жұмыс істейді. Өздеріне келген клиенттен танысының нөмірін алып қалады. Кейін оған қоңырау шалып, медициналық орталыққа келуін сұрайды. Маған да хабарласып, өздерінің Мәскеудегі косметикалық фирманың филиалы екендіктерін айтты. Мен теріме шағымым жоқ екенін, бірақ шашқа қатысты мәселе бар екенін айттым. Олар алғашқы күні тегін спа-процедуралар болатындығын және үлкен жеңілдіктер жасайтындықтарын айтып қызықтырды. Бастапқыда барлығы жақсы болды. Бізді үлкен ғимаратта қарсы алды. Қызметкерлері де жақсы әсер қалдырды. Сапалы, шетелдік косметикалық құралдарды көрсетті. Бет, дене мен шаш күтіміне қатысты әртүрлі жүзден аса процедура көрсетілетіндігіне сендіріп бақты. Біз екі жылдың ішінде күтім көріп, ажарлана түсеміз деп ойлаған едік. Алайда келесі күні жертөлеге түскен біз онда қарапайым гигиеналық талаптардың сақталмайтындығын байқадық. Келушілердің барлығына бір ғана халат беріледі. Тіпті адамдардың көптігіне қарамастан, клиенттер жуынатын бір ғана душ бар. Бас пен бетке арналған мезотерапияны зарарсыздандырусыз жасады. Трихологтың кабинетінде төрт кереует қана болды. Адамдар үнемі көшеден келіп жатты. Ал косметикалық процедураларды дайындық курсынан жаңа ғана өткен, тәжірибесіз косметологтар жүргізді,-дейді ол.
    Ал 28 жастағы қызы Ива Ермағамбетова сұлу боламын деп бет терісін бүлдіріп алғанын айтады. Косметологтар жас қыздың бетіне әжім түсе бастағанын айтып қорқытқан.
    - Олар маған бетімде терең әжімдер пайда бола бастағанын айтты. Бастапқыда мен ине терапиясына келіспейтіндігімді , әлі ерте екенін айтқан еді. Бірақ олар суретімді микроскоппен үлкейтіп көрсетті. Тез арада бетіме күтім жасамасам, әжімдердің тереңдеп кететіндігін айтты. Келісуіме тура келді. Алайда ине терапиясын маған тәжірибесіз маман жасаған болып шықты. Ол бұл процедураны өмірінде алғаш рет жасаған. Әрі менің бет терімді тіліп тастады. Зақымдалған жүзіме бепонтен жақпасын жағып, екі апта бойы маскамен жүрдім. Соңыра медициналық орталықтың әкімшісіне жағдайды айтқанымда ол мұны елемегендей сыңай танытты. Косметолог маңдайымдағы қара дақтарды қолымен сығып берді. Аппараттың бос емес екендігін айтты. Осыдан кейін менің бет терім әбден бүлінді. Мұны мен үйден де жасай алатын едім ғой?! Осыдан кейін бетімде ұсақ тесіктер мен әжімдер пайда болды. Қазір өзге косметологқа барып, бетімді қалпына келтіріп жүрмін,-дейді зардап шегуші.
    Қазір сұлу боламыз деп қарызға белшесінен батқан зардап шегушілер медициналық орталыққа баруларын тоқтатқан. Өз денсаулықтарына алаңдаған олар инфекциялық ауру жұқтырып аламыз ба деп алаңдайды. Ал соттан өздеріне сапасыз қызмет көрсеткен “Self clinic” медициналық орталығымен арадағы келісімшартты бұзып, бір жылдық несиелерін тоқтатуды сұрап отыр. Әрі жауапкерден моральдық шығын ретінде 100 мың теңге талап етеді. Қазір азаматтық шағымды Ақтөбе қалалық сотының судьясы Сәуле Өтепбергенова қарап жатыр. Келесі сот отырысында “Self clinic” медициналық орталығының өкілінен жауап алынады. Қазір косметикалық фирма бұрынғы атауы мен мекенжайын да түбегейлі өзгерткен. Осыған дейін оның бұрынғы қызметкерлері де жалақыларын даулап, сотқа шағым түсірген еді. Ақтөбе облысының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Сағындық Ерғалиевтің айтуынша, қазір атауын өзгерткен компанияға қатысты шағым азайып кетті.
    - Бұрын халық топтасып келіп, шағым айтатын. Прокуратураға да арызданды. Медициналық орталық атауын өзгерткеннен бері арыз-шағым азайып кетті. Мүмкін, халық білмейтін де болар. Бізге бір жас қыз жылап келіп, косметикалық процедуралардан кейін бетіне аллергия шығып кеткенін айтты. Департамент қарсы шағым жазды. Іс сотқа жеткен жоқ. Зардап шегуші мен медициналық орталықтың өкілдері өзара келісімге келді. Несие рәсімдеген келісімшартты бұзып, қызға 100 мың теңге моральдық шығын төледі. Көбіне сұлулық процедураларынан кейін бет терісінің бүлінгенін дәлелдеу қиынға соғады. Ол үшін сотқа медициналық мекемелердің анықтамасын да қоса ұсыну қажет,-дейді Сағындық Ерғалиев.
    Айта кетелік, бұл қажетсіз процедуралар үшін өз атына қыруар несие рәсімдеп, сан соғып қалған алғашқы жағдай емес. Ақтөбелік зейнеткер Мария Анабаева журналистерге косметикалық фирманың жүрегін емдеймін деп шақырып, кейін қарызға батырғанына шағымданған еді. Алайда істің кімнің пайдасына шешілгені белгісіз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі емханада пациент пен медициналық қызметкер дауласып қалды
  • Ақтөбелік келіншек дәрігерлерді сотқа бермек
  • Тұрғын туристік фирмадан 500 евро талап етуде
  • Ақтөбелік тұрғын дәрігерлерден 10 миллион теңге талап етуде
  • 24 адамды алдаған әйелге сот үкімі шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге