Ақтөбеде жұмыртқа мен ет қымбаттады

    Ақтөбеде жұмыртқа мен ет қымбаттады

    Қыркүйекте халық жиі тұтынатын азық-түліктің бірсыпырасы қымбаттады. Олардың ішінде жұмыртқа мен тауық еті, сиыр мен шошқа еті, зәйтүн майы мен шәй, қызанақ пен банан бар. Есесіне сәбіз бен картоптың бағасы төмендеді.

    Қыркүйек айында ас-ауқаттың бағасы біраз көтерілді. Статистика департаментінің мәліметіне қарасақ, жұмыртқа 10 - %-ға өсіп, шошқа еті 6- % қымбаттаған. Қала дүкендеріндегі жұмыртқаның бағасы 270 теңгенің айналасын құрайды. Дүкен сөрелерінде сондай-ақ тауық етінің бағасы да өзгерген. Статистика мамандары тауық сирағының құны 12 пайызға өскенін мәлімдеді. Зәйтүн мен өсімдік майы, жемістерден банан, лимон мен апельсиннің бағасы көтерілді. Бағасы ала жаз бойы бір орыннан тапжылмаған құмшекер қыркүйекте сәл-пәл қымбаттаған.
    Ет қымбаттаса да, көкөніс пен жеміс-жидек арзандап, картоптың бағасы 15 пайызға төмендеген. Жаздайлыққа бір келісі 250 теңгеден сатылған сәбіз бұл айда “сабасына түсіп”, 25 %-ға арзандады. Тәтті бұрыш пен сарымсақ, пияз бен қызылшанының құны да қазір қолжетімді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде ет пен жұмыртқа қымбаттады
  • Ақтөбеде тұрғын үй бағасы өсті
  • Азық-түлік бағасы қымбаттады
  • Ақтөбеде нан бағасы тағы да қымбаттады
  • Күнбағыс майы мен жұмыртқа қымбаттады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге