Несие комиссиясын қайтарғыңыз келе ме?

    Несие комиссиясын қайтарғыңыз келе ме?

    Ақтөбеге Астана қаласынан арнайы заңгерлер келіп жатыр. Несиенің комиссия төлемін халыққа қайтарып береміз дейді.

    Ашылғанына екі жыл болған “DOSTUPNOYE PRAVO” ұйымы осы уақытқа дейін 500 млн теңгені елге қайтарған. Несие туралы қоңырау шалған ақтөбеліктер де аз болмапты. Заңгерлер өз қызметін Ақтөбеде ашуды ұйғарған.
    - Біздің ашылуымызды күтіп отырғандар Ақтөбеде өте көп. Тоғыз қалада филиалымыз бар. Несие қазір ең өзекті болып тұрған мәселе. Төлей алмай өз-өзіне қол жұмсап жатқандар қаншама?! Несиенің кесірінен қаншама отбасы ажырасып, айрандай ұйыған шаңырақтар шайқалып жатыр?! Адамдар несие аларда келісім шартпен таныспастан қол қоя салады. Заңсыз комиссия ұстайтын банктер әлі де көп. 2012 жылы Ұлттық банк несие бойынша қызмет көрсеткені үшін ұсталынатын комиссияларды тоқтату туралы хат жіберіп, бұйрық жолдады. Соған қарамастан банктер халықтан әлі ақша алып келеді. «Казкоммерцбанк», «АТФ Банк», «Forte Bank», «Евразийский банк», «Альфа банк», «Нұрбанк» және Қазақстанның басқа банктерінде заңсыз комиссия әлі бар. Қазір басқа банктер де шығып жатыр. «Каспий банкті» де қарастырып жатырмыз,- дейді “DOSTUPNOYE PRAVO” жобасының үйлестірушісі Лейлә Бердалиева. - Заңсыз ұсталған комиссияларды сот арқылы алып береміз. Құжат қабылдап, құқықтық кеңес бергеніміз үшін ақша алмаймыз. Адамдар сотқа өкілдік ету үшін сенімхат жазады. Сенімхат негізінде біз өзіміз сотқа барып оның мүддесін сотта ұсынамыз. Сотта өкілдік еткеніміз үшін шағымның 10 пайызын бізге төлейді. Заңгерлерге кеткен бұл шығынды сот өндіріп береді. Көп балалы аналар мен мүгедектерден бұл ақшаны сұрамаймыз.
    Заңгерлер барлық несиенің келісім шартын оқып, заңсыз комиссия төлемін анықтайды. Тіпті жабылып қалған несиелерді де қараймыз дейді. Жабылғанына үш жылдан асып кеткен несиелер ғана қарауға жатпайды екен.
    - Комиссия мөлшері әр түрлі болады. Бізге Атыраудың бір тұрғыны келді. Оның несиесі бойынша тек комиссияның өзі 5 миллион теңге болды. Қайтарып бердік. Мысалы 2007 жылы алынған, әлі төленіп келе жатқан ипотекалық несиелер бар,- дейді Лейлә Бердалиева.
    Ақтөбеліктер үшін бүгіннен бастап үш заңгер жұмыс жасайды. Мамандар қаланың Маресьев көшесіндегі 38-үйдің 8-бөлмесінде отырады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Баспаналы болу оңай
  • «7-20-25» бағдарламасы басталды
  • Несиенің комиссия төлемін қайтарып алуға бола ма?
  • Банктер ауыл кәсіпкерлеріне несие беруге құлықсыз
  • Ипотекалық несие қайта қаржыландырылып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге