«Нұр-Ғасыр» мешітіне садақа терминалы орнатылды

    █ «Нұр ғасыр» мешітінде садақаны енді терминал арқылы салуға болады. Бұл туралы мешіттің баспасөз хатшысы Индира Ізбасқан хабарлады.

    Садақаны терминалмен төлеудің жолы өте оңай. Ол үшін қандай да бір нөмір немесе мәлімет енгізудің қажеті жоқ. «Нұр Ғасыр» мешітінің шот нөмірі автоматты түрде экран бетіне шығады. Кейін ақшаны бірден енгізе беруге болады. Аударым үшін комиссия алынбайды. Қаражат тікелей мешіттің есеп-шотына түседі. Төлем аяқталысымен әдеттегі терминалдар секілді түбіртек басылып шығады.
    - Бас мүфти бастамасымен мешіттердегі қаржы ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында еліміздегі үлкен мешіттерге садақа терминалдары орнатылды. Ақтөбе облысы бойынша мұндай терминал әзірге тек «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіне қойылды. Бастаманың басты игіліктерінің бірі – садақа салушы халықтың сенімінің нығаюында және жеделдікті қамтамасыз етуде. Терминал арқылы өзге төлемдерді де жүзеге асыруға болады, - дейді мешіттің баспасөз хатшысы Индира Ізбасқан.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 36 ақтөбелік діни оқу орындарына қабылданды
  • Рамазан айында не істелді?
  • Рамазан айы басталды
  • Әйтеке би ауданының бұрынғы бас имамы жоғалып кетті
  • Бақытбек Тәжімбет Қостанайға ауысты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге