Кішкентай сәбиі бар отбасы вокзалда түнеп жүр

    █ Ақтөбеде емізулі сәбиі бар отбасы теміржол вокзалына қонып жүр. Олар-белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының бұрынғы тұрғындары.

    Үй-күйсіз көше кезіп жүрген ақтөбеліктердің суреті әлеуметтік желілердің бірінде жарияланды. Онда қала тұрғыны мемлекеттік мекемелердің тұрақты мекен-жайы жоқ, ішімдікке жақын отбасыға көмек көрсетуін сұраған.
    -Хабарды естігеннен кейін вокзалға барып, олармен сөйлестім.Бұл адамдар бізде бір жыл бұрын тұрған. Анатолий мен Ольга бірге тұрады. Ал 6 айлық баласы бар Вика ер адамға туыс болып келеді. Олар жұмыс тапқандарын айтып, көктемде бізден шығып кеткен. Вика -балалар үйінің түлегі, Шалқар ауданында туған. Ол тұрмыста екенін, күйеуінің вахталық ауысыммен жұмыс істеуге кеткенін айтты. Шындығын айтқанда адамдар жұмыс істегісі келмейді. Анатолий- тракторшы. Ольга аспазшы, тамақты жақсы пісіреді. Вокзалда оларға киім мен ақша берілді. Біз оларға кішкентай баламен жүрудің қиындығын айтып, көмектесуді ұсындық. Бірақ олар бас тартты. Дәмханадан тамақтанып, өздері кететіндіктерін айтты. Айтуларынша, олар Родниковкаға жұмыс істеуге бармақ,-дейді облыстық белгілі тұрағы жоқ және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды бейімдеу орталығынын Сабырғали Дәулетов.
    Айта кетелік, қазір орталықта 49 адам тұрып жатыр. Олардың басым бөлігі жүріп-тұруы қиын мүгедектер мен түрмеден жазасын өтеп шыққандар. Сабырғали Дәулетов қаңғыбастардың қалада көбейіп кетуін адамдардың қалаға жұмыс іздеп келуімен байланыстырады. Алайда олар жұмыс таппағандықтан, көше кезіп,тапқанын тамақ етіп ішеді. Басым бөлігі ішімдікке салынып кетеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік кейуана көршілерінің үрейін ұшырып отыр
  • Ақтөбелік келіншек 1 жастағы баласын бөгде адамға тастап кеткен
  • Бейімдеу орталығында 18 жастағы қыз жатыр
  • Әлеуметтік қызметкерлер марапатталды
  • Көше кезбелерін қадағалайтын арнайы топ жұмыс істей бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге