Ақтөбеде мұғалімдер сабақта болмаған оқушыға баға қойып келген

    █ Ақтөбелік көлік прокурорлары көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжін тексерді. Іс-шара кезінде Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңының талаптары өрескел бұзылғандығы анықталды.

    Прокурорлардың мәліметінше, колледжде сегіз пән бойынша біліктілік санаты жұмысына сай келмейтін мұғалімдер сабақ беріп келген. Мәселен, білімі бойынша “тарих” пәнінің мұғалімі “құқық және көлік туралы заңнамалардың негіздерін”, экономист-есепші стандарттау негіздерін, “банк ісі” маманы темір жолдардың жалпы курсын оқытады. Арнаулы орта оқу орнында бұдан өзге де заңбұзушылықтар табылған.
    - Колледж басшылығы мемлекеттік білім беру тапсырысын алу үшін жұмыспен қамтылған түлектердің үлесін жасанды түрде арттырған. Жұмысқа орналысқан 42 түлектің шын мәнінде 14-еш жерде жұмыс істемейді. Сонымен қатар оқытушылар сабақта болмаған студенттерге баға қойған.Ал оқудан шығарылған 6 студентке 1-3 ай аралығында айына 17 250 теңге көлемінде шәкіртақы төленген,-деп хабарлады көлік прокурорлары.
    Тексеру қорытындысы бойынша оқу орнының 8 лауазымды тұлғасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал колледж директорына 36 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.Сонымен қатар заңсыз төленген 138 мың теңге шәкіртақы колледжге толығымен қайтарылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде мектеп оқушысын туысы зорлап келген
  • Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған педофил сотталды
  • Ақтөбеде жекеменшік колледж жабылып қалды
  • Кәсіптік білім тегін беріледі
  • Қобдада 24 студентке шәкіртақы төленбеген
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге