Ақтөбеде жүкті әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Ақтөбеде ауруханада көз жұмған келіншектің неден қайтыс болған анықталып жатыр. 30 жастағы мұғалімді ес-түссіз жатқан күйінде тұрғындар тауып алған.

    Әйелді жаяу жүргіншілер Әлия Молдағұлова ескерткішінің маңындағы сәкіден тауып алған.
    - 11 қазан күні Ақтөбедегі медицина орталығына жедел жәрдем көлігімен ес-түссіз күйде жатқан әйел жеткізілді. Ол сол күні көз жұмды. Аталған дерек бойынша Зауыт полиция бөлімі сот алды тергеу жұмыстарын бастады. Сараптама тағайындалды. Өімінің себебі анықталуда. Оқиғаға қатысты басқа мәлімет тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды,-деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.
    Дәрігерлердің мәліметінше, әйел жүктіліктің 36 аптасында болған. Іші жарақаттанып, көкбауыры жарылған. Әзірге оның құлап жараланғаны әлде әлдекімнің шабуылдағаны белгісіз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 25 қабатты үйден секірген әйелдің өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды
  • Ақтөбелік келіншек 25 қабатты үйден секіріп кетті
  • Ақтөбеде жеке компанияның қызметкері өзін-өзі жарып жіберді
  • Ақтөбеде жүк көлігімен адам қаққан жүргізуші ұсталды
  • Адам өлтірген күдікті түрмеде көз жұмды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге