Қызметіне салғырт қараған шенеунік жазадан құтылды

    Әдеп жөніндегі кеңесте Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Бекболат Сәрсенбаевқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Ол жұмысына салғырт қарап, мемлекеттік тапсырысты орындамаған кәсіпкерді уақытында сотқа бермеген. Салдарынан аудандағы көмекке өте мұқтаж, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға қысқы киімдер жеткізілмей қалды.

    Келісім шарт бойынша жеке кәсіпкер Мырзалин өткен жылы аудан мектептерінде оқитын аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар үшін қысқы күрткелер жеткізуі тиіс болған. Алайда кәсіпкер бірде бір тауар әкелмеген. Аудандық білім бөлімінің сол кездегі басшысы Бекболат Сәрсенбаев жауапсыз кәсіпкердің үстінен арыз жазып сотқа мерзімін өткізіп жүгінген. Сондықтан сот оның арызын қанағаттандырудан бас тартты.
    - Мемлекеттік тапсырыс алған жеке кәсіпкер Мырзалин көмекке өте мұқтаж, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар үшін 23 қысқы күртке жеткізуі тиіс болатын. Келісім шарт құны 808 мың 640 теңге. Тапсырысты орынмаған кәсіпкердің үстінен уақытылы арыз жазып сотқа бермеген Бекболат Сәрсенбаев осылайша Мемлекеттік қызмет туралы заң талаптарын бұзды,-дейді Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Жанат Дәулетбаев.
    Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Сәрсенбаевқа қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза беру ұсынысын қолдамай, керісінше қорғап шықты. Себебі оның бұрынғы іс–әрекеті қазіргі лауазымына кірмейді. Бекболат Сәрсенбаев аудан әкімі орынбасарының “тағына” жақында ғана отырған. 2015 жылдан бастап аудандық білім бөлімін басқарды. Шенеуніктің тәртіптік жазадан құтылғанына залда отырған өзгелердің де қатты қуанғаны сондай, ду қол шапалақтап жібергенін өздері де байқамай қалды.
    Айта кетейік жеке кәсіпкер Мырзалин биыл ақпан айында Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының үкімімен жосықсыз деп танылған. Кәсіпкер бұл жолы 299 мың 400 теңгеге Семей қаласының психиатриялық диспансеріне 6 дана тәулікбойы бақылау мониторын жеткізуге тапсырыс алып, оны орындамаған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 24 мемлекеттік қызметкер біліксіз болып шықты
  • Мұғалжарда оқушылардың ыстық тамағы ата–аналарға таратылған
  • Тәртіптік кеңесті тыңдамаған әкім
  • Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына айыппұл салынды
  • Тәртіптік кеңес: “Шалқар чики-чики” деген шенеунік қызметіне толықтай сәйкес емес
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге