Алименттен қашқан әкелер шетелде демалып жүр

    Ақтөбеде алимент төлеуден жалтарып жүрген әке Түркияда демалып келген. Борышкердің балалары алдындағы қарызы 800 мың теңгеден асады. Ал жауапсыз әкелердің енді бірі Ресейге төрт рет барған.

    Ақтөбе облысында 16 мың бала өзіне тиесілі алиментті ала алмай жүр.Өтемақының жалпы соммасы 315 млн теңгеден асады. Прокурорлар қарыздың уақытылы өндірілмеуін сот орындаушылардың өз ісіне салғырт қарайтындығымен түсіндіреді.
    - Өңірде балаларына алиментін төлемей жүрген әкелердің қарызы 315 млн теңгеден асады. Алайда сот орындаушылары қарызды өндіру бойынша сот шешімдерін орындау үшін тиісті шара қолданбай отыр. Тексеру кезінде борышкерлердің жұмыс орнына тиісті құжаттарды жібермегені, борышкерлердің жеке мүліктері сатылмағаны анықталды. Мұндай істердің саны оннан асады. Мәселен, балаларына 900 мың теңге төлемей жүрген Ибраевтың екі көлігі әлі күнге дейін тәркіленбеген. Жауапсыз әкелер уақытылы шектеу қойылмағандықтан емін-еркін шетел асып жүр. Балаларына 800 мың теңгеден астам қарызы бар қала тұрғыны Досмағанбетов ешқандай кедергісіз Түркияға демалуға барып қайтқан. Ал дәл осындай қарызы бар басқа бір ер адам төрт рет Ресей асқан,-деп хабарлады облыстық прокуратурадан.
    Прокурорлардың мәліметінше,сот орындаушылары алимент төлемей қашып жүргендерді жүргізуші куәлігінен де айырмаған. Өйткені балаларына 2 млн теңге қарызы бар Балмұханов емін-еркін көлік жүргізіп келген. Облыстық прокуратура балалардың мүліктің құқығын қорғау мақсатында Әділет департаментіне ұсыныс жолдады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктердің қарызы 228 млн теңгеден асты
  • Әке, алимент төлеші...
  • Ақтөбе облысында екі әйел алимент төлеуден қашып жүр
  • Жеке сот орындаушылары борышкерлерді әлеуметтік желілерден іздей бастады
  • Алимент төлемегендер көлік жүргізе алмайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге