Ақтөбелік қыздарды Сирияда дарға асты

    Сирияда Қазақстанның үш азаматшасы елдеріне оралуға қаражат табу үшін отандастарын өлтірді. Олар тіпті өз мақсаттарына жету үшін кішкентай баланы да аямаған. Алайда оларды содырлар дарға асты.

    Сирияда 500 қазақстандық бала жүр
    Сирия мен Ирак аумағында “Халифат” құрылғаны жарияланғаннан бері ондағы қақтығыс аймағына аттанғандардың қатары артты. Олар Сирияға барғанға дейін ваххабиттік идеологияны насихаттап, оған әйелдерін де тартты. Халифаттағылардың жақсы өмір сүріп жатқанына сенген олар ерлерімен бірге сол жерге аттанды. Ашық ақпарат көздерінің мәліметінше, Сирияға кеткен қазақстандықтардың саны 800 адамнан асады. 2018 жылдың маусымындағы мәліметі бойынша, олардың қатарында 120 ер адам, 250-ден аса әйел мен кәмелеттік жасқа толмаған 500 бала бар.

    7 жастағы баланы да аямаған
    Қазір “Халифат” ауыр жағдайды басынан кешіп жатыр. Содырлардың шығынға ұшырап, үлкен аумақтардың жойылуы “Халифаттың” қалған мүшелерін қашуға мәжбүрлеуде.Редакцияға Сириядағы балалар мен әйелдерді отанына қайтару мәселесімен айналысатын Солтүстік Кавказдағы қоғамдық әйелдер ұйымынан ақпарат келіп түсті. Онда ИГИЛ аумағына қарасты аумақтардағы ахуалдың нашарлап бара жатқаны туралы айтылады. Хабарламада ИГИЛ-дегі жағдайдың ауырлап кеткендіктен адамдар қолынан келгенінше қашып шығуға тырысып жатқаны айтылады. Тіпті қылмысқа да барады екен. Хабарламада 6 қазақстандық азаматшаның Сириядан құпия түрде қашып шығып, Түркияға кетпек болғаны айтылады. Алайда қаржы тапшылығынан және тығырыққа тірелгендіктен олардың үшеуі өз отандастарын өлтірген. Тіпті 7 жастағы баланы да аямаған. Кейін олардың жинаған ақшасын алып, “Халифаттан”қашпақ болған. Алайда олар діттеген мақсаттарына жете алмаған. Оларды ИГИЛ содырлары ұстап алып, шариғат сотына берген. Кавказдағы қоғамдық әйелдер ұйымының чатында аман қалу үшін сұмдық қылмысқа барып, Сирияда дарға асылған әйелдердің аттары да көрсетіледі. Олар Ақтөбеден шыққан Гүлбану ( діни есімі- УммМариям) және Дарина(УммМуса) және тараздық-Салтанат (УммАтика).“Халифат” пен оның тұрғындарының аман қалуға күресу кезіндегі шынайы бет-бейнесі “қасиетті джихадтың” жұрнағы да жоқ Сириядағы шынайы жағдайды көрсетті. Біздің отандастарымыз діндестеріне, оның ішінде балаға деген асқан зұлымдығымен көзге түсті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сирияға кеткен ақтөбелікті қарындасы іздеп жүр
  • Үш ақтөбелік Сириядағы соғысқа қатысу үшін ақша бопсалаған
  • Ақтөбелік өзінің туған інісіне терроризмді насихаттады

  • Сирияға кетпек болған 12 ақтөбеліктің соты басталмақ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге