Хромтауда тағы бір жұмысшы жарақат алды

    Хромтаудағы Дөң кен-байыту комбинатының жұмысшысын вагон сүйреп кетті. Ол 19 қазан күні бірнеше дене жарақатымен аудандық ауруханаға түскен.

    Кен қопарушы болып жұмыс істейтін Аслан Қожағұловтың қабырғасы сынып, жабық бас-ми жарақатын алған. Дәрігерлердің айтуынша науқастың сөмкесі вагонға ілініп қалып, сүйреп кеткен. Салдарынан оң жақ көкірек қуысына қан жиналып, қабырғасы сынған. Бет терісінен көп жарақат алған.
    - Науқас қазір аудандық аурухананың хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты. Алдағы уақытта бас миы мен кеуде қуысын томографиялық тексеруден өткізуге Ақтөбеге жібереміз. Ақтөбе жедел жәрдем ауруханасына жатқызу туралы сұрақ шешілуі керек,- деді Хромтау аудандық ауруханасының бас дәрігері Жолдасбек Қамбаров.
    Айта кету керек, 12 қазан күні Дөң кен-байыту комбинатының жұмысшысы кен астында қалып, дене жарақатымен ауруханаға түске болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Хромтаудағы шахтада жарылыс болды
  • Байғанинде оқушылар пышақтасты
  • Хромтауда апатқа ұшыраған қырғыз азаматтары емнен бас тартты
  • Ақтөбеде жолаушылар автобусы аударылып қалды
  • Хромтауда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге