Өз бизнесіңді ашуға мүмкіндік бар

    Өз бизнесіңді ашуға мүмкіндік бар

    «Даму» Қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда. Өз ісін ашам деген Ақтөбе және Хромтау қалаларының тұрғындарында төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндік бар, ол үшін алдымен «Даму» Қорына жолығу қажет.

    «Еңбек» бағдарламасының ерекшеліктері мен жүзеге асырылу жағдайын біздің оқырмандар үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Аймақтық филиалының директоры Берік Нұрғалиев баяндап берді.

    - Берік Райсұлы, бұл бағдарламаға кім қатыса алады?
    - Бағдарламаға жұмыссыздар, өздерін жұмыспен қамтушылар, сондай-ақ кәсіпкер ретінде тіркелгендеріне 3 жылдан аспаған тұрғындар қатыса алады. Олардың қатарында жеке кәсіпкерлер, ЖШС, шаруа қожалықтары да болуы мүмкін.

    - Кәсіпкер қанша қаражат ала алады?
    - Берілетін несие сомасының ең көп мөлшері 6500 АЕК, бұл дегеніміз 15,6 млн. теңгені құрайды.

    - Несиелер қандай мақсаттарға беріледі?
    - Несиелер жаңа бизнес көзін ашуға, сондай-ақ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің кәсібін кеңейтуге, айналымдағы капиталын өсіруге жұмсалады. Инвестициялық мақсаттар үшін 5 жылға дейін, ал айналымдағы капиталды толықтыру үшін 3 жылға дейін уақытқа беріледі.

    - Бұл бағдарламаның қандай артықшылығы бар?
    - «Еңбек» бағдарламасы арқылы қаржыландыру жылдық 6 пайыз мөлшерлемесімен беріледі. Кәсіпкерлерге несие беретін банктер олардан қандай да бір комиссия алуға құқысы жоқ. Егер кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болса, біз оған несиенің 85 пайызына дейін көлемде тегін гарантия береміз. Мысалы, кәсіпкер 10 млн теңге алса, кепілге қоятын мүмкіндігі 15 пайыз болса, қалған 85 пайызы біздің көмек болады.

    - «Еңбек» бағдарламасының жүзеге асу жұмысымен толығырақ таныстырып өтіңізші?
    - Несие алу үшін кәсіпкер осы бағдарламамен жұмыс жасайтын банкке бару керек. Дегенмен, талаптармен толық танысу үшін бізге жолықса да болады. Біздің мамандар кәсіпкерлерге кеңес беруге қашанда дайын. Ал содан кейін ғана кәсіпкер несие рәсімдеу үшін қажетті құжаттардың толық тізімін банктен алады. Және ол бұл құжаттарды өзі жинайды, немесе көмек үшін бізге де келуге болады. Біз құжаттарды рәсімдеуге, жинақтауға көмектесеміз.

    - Бағдарламаға қандай банктер қатысады?
    - Ақтөбе облысында осы бағдарламаға 2-ші дәрежелі бес банк қатысуда. Олар Сбербанк, Халық банкі, АТФ, Форте және Нұрбанк.

    - Бағдарлама қандай мақсаттарды көздейді?
    - Негізгі басты мақсаттардың бірі – жұмыс орындарын ашу. Осы бағдарлама арқылы қаржыланған кәсіпкер ең аз дегенде екі адамды жұмыспен қамтуы керек. Осы бағдарлама басталғалы Ақтөбе облысында 824,16 млн теңгеге 71 микрокредит берілді. Соның ішінде биыл 26 микронесие берілді. Осы бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында 140 жұмыс орны сақталып, жаңа 51 жұмыс орны ашылды. Биыл осы бағдарлама арқылы 18 жұмыс орны сақталып, 58 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

    Мира Жиенбаева, «Mir» Мектепке дейінгі орталығы ЖШС директоры:
    - 30 жыл бойы мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет еттім. Жай ғана тәрбиеші болып жұмыс жасадым. Осы уақыттар бойы мені өз балабақшамды ашсам деген арманым мазалай берді. Көз қорқақ, қол батыр демей ме? Өз-өзімді жігерлендіріп, «Даму» қорына келдім. Бұл жердегі мамандар бәрін түсіндірді. Содан кейін қорқынышым сейіліп, несие алу үшін құжат жинай бастадым. Міне, «Еңбек» бағдарламасы арқылы өз арманыма қол жеткіздім. Менің енді өз кәсібім бар. Сондай-ақ «Даму» Қорымен тағы да тығыз байланыс орнатып жатырмын. Өйткені, балабақшаның филиалдарын ашпақ ниетім бар. Жас кәсіпкерлерге қорықпауға кеңес берер едім. «Даму» Қорымен бәрі де жүзеге асады!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Баспаналы болу оңай
  • «7-20-25» бағдарламасы басталды
  • Ауылда тұратын отыз шақты адам кәсіпкер атанбақ
  • Ауыл кәсіпкерлеріне 6 млн теңге несие берілетін болды
  • Кәсіпкерлер назарына!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге