Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы көлік жөндеп, ақша табады.

    9-сынып оқушысы ауылдастарының көлігін жөндегені үшін еңбекақы ретінде қой алған.

    Ақтөбе облысының Темір ауданында ең жас көлік жөндеуші тұрады.Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Серік Жолаев жеңіл көліктердің ақауын компьютерлік диагностика арқылы тексеріп, жөндеп береді.14 жастағы жасөспірім болашақта жүк көліктерін шығаратын зауыт ашқысы келеді.
    -Кішкентайымнан көліктерге қатты қызығамын.Үйдегі бұзылып қалған тоңазытқыштарды, электрлік пештерді шашып, қайтадан жөндеп жүрдім.Кейін əкемнен көлік жөндеуді үйрендім.Интернеттен, ютуб желісінен көлікті диагностикалауға қатысты мəліметтерді оқып, білімімді жетілдірдім, - дейді ол.
    Соңыра жасөспірім көлікті диагностикадан өткізіп, ақауын анықтайтын арнайы бағдарламасы бар құрылғы мен компьютер сатып алған. Оның балалық арманын жүзеге асыруға апасы көмектескен. Қазір көліктері бұзылған Темір ауданының тұрғындары жас көлік жөндеушінің даңқын алыстан естіп, іздеп келетін көрінеді.
    -Ең бірінші ағамның көлігін жөндедім. Əкемнің Газель көлігінің моторын жинап, жөндеп бердім. Қазір жанар жағармайы мен суын ғана ауыстырады.Басқа жөндеу қажет емес.Бұл құрылғымен 1992 жылдан бері қарай шығарылған Volkswagen, Škoda, Lamborghiniсекілді санаулы маркадағы көліктерді тексеріп, ақауын табуға болады.Болашақта барлық көлікті тексеретін құрылғы алғым келеді. Бірақ оның құны өте қымбат, шамамен 1,5 млн . теңге тұрады.Жазда көліктерді өз үйімнің ауласында жөндеймін.Ал қыста шеберханаларды жалға алып, жұмыс істеймін. Темір ауданының тұрғындары көлік жөндейтінімді бір-бірінен естіп, іздеп келеді.Қазір көліктің барлық сымдарын алып тастап, жаңасына ауыстырып жүрмін. Қызметіме риза болған көлік иелері еңбегімнің ақысын да береді.Қазірдің өзінде мені ауылдағы көлік жөндеу шеберханасының иесі жұмысыма қызығып, өзіне шақырып отыр. Болашақта оқып, инженер немесе автомеханик болғым келеді. Ақсай ауылының тұрғындарының бірі көлігін жөндеп, тоқтарын толықтай ауыстырғаным үшін еңбегіме қой əкеп берді.Бұл- менің əзірге тапқан ең ірі табысым,-дейді ол. Ұстаздарының айтуынша, Серік физика, химия мен география пəндерін сүйіп оқиды.Ғылыми жоба қорғап, аудандық жəне облыстық олимпиадалардың жеңімпазы атанып жүр. Олар талантты оқушыларының болашағынан көп үміт күтеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Клиентінің қымбат көлігін сатқан ақтөбелік жігіт сотталып кетті

  • Ақтөбеде клиентінің қымбат көлігін сатқан жігіт сотқа келді
  • Автокөлік базарында сатушы көп, алушы аз
  • Ескі көлікті қабылдау басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге