Ақтөбеде балалар өлімі көбейді

    Ақтөбеде жаңа туған нәрестелердің өлімі көбейді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1 пайызға өскен. Дәрігерлер мұны көбіне әйелдердің жүктілік кезінде өз денсаулығына салғырттық танытуымен байланыстырады.

    Ақтөбеде  балалар өлімі көбейді
    Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы 2018 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады. Облыстың бас дәрігері Әсет Қалиевтің сөзінше, туу көбейген. Өткен жылы өңірде 19 мың 623 сәби өмірге келген. Әсіресе, аудандар арасында Хромтау ауданы көш бастап келеді. Ал Мәртөк ауданында туу көрсеткіші аз. Ал ақтөбеліктердің өмір сүру ұзақтығы 73,6 жас. Өңірде ана өлімі де азайған. Дегенмен 1 жасқа дейінгі нәрестелер жиі шетінейді.
    - Өкінішке орай, нәресте өлімі көбейіп отыр. Өткен жылы өлім көрсеткіші 7,75 пайызды құрады. Ал 2017 жылы бұл 6,71 пайызды құраған еді. Бала өлімі Қобда, Мұғалжар мен Байғанин аудандарында көп. Нәрестелер өлімінің көбеюіне бірнеше себеп бар. Біріншіден, туа біткен ақаулардың әсері бар. Әрі әйелдер жүктілікке дейін арнайы дайындықтан өтуі керек. Қосалқы аурулары болса, емделуі қажет. Құрсақ ішілік инфекциялар да жиі тіркеледі. Егер нәрестенің туа бітті ақауы болса, жүктілікті үзуге тура келеді. Алайда кейбіреулер мұнан бас тартады. Кейде дәрігерлердің қателігінен ультрадыбыстық зерттеу кезінде анықталмайтын жағдайлар да жиі кездеседі,-дейді Әсет Қалиев.
    Бас дәрігердің айтуынша, алдағы уақытта бұл кемшілікті болдырмау үшін Ақтөбеде ультрадыбыстық зерттеу орталығы ашылмақ.
    - Қазір жеке компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша, орталық өз жұмысын наурыз-сәуір айларында бастайды. Жоба жүзеге асқаннан кейін облыста нәрестелер арасындағы туа бітті ақаулар ультрадыбыстық зерттеу арқылы жүктіліктің ерте кезеңінде анықталады. Яғни, сәби өлімінің көрсеткіші төмендейді,-дейді бас дәрігер.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде "А" гепатитімен ауыратындар көбейген
  • Дөрекі дәрігерлер жазаланады
  • Облыста өлім көрсеткіші мен аурушаңдық деңгейі төмендеген
  • Темір ауданында нәресте өлімі көбейген
  • Биыл Ақтөбеде медициналық 5 нысанның құрылысы басталады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге