Шалқарлық дәрігерлер басшыларының былығын әшкереледі

    Шалқар ауданында бір топ дәрігер басшыларына қарсы шықты. Айтуларынша, Асқар Есмағанбетов қоластындағыларға дөрекі сөйлеп, түнде жұмысқа жегетін көрінеді.

    Шалқарда аудандық аурухананың қызметкерлері бас дәрігердің үстінен шағым түсірді. Бұл жөнінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында айтты.
    - Шалқар ауданынан арыз түсті. Шағымданушылардың айтуынша, бас дәрігер аурухананы өзінің жекеменшігіне айналдырған. Ешқандай заңға қарамайды. Ақтөбеде, Шалқарда салған құрылыстары көп дейді. Ешкім білмейді, естімейді демеңіздер. Кімнің қанша ақша тауып, қандай көлікпен жүріп, қандай үйде тұратынын халық жақсы біледі.Дәрігерлер басшыларының түнде жұмысқа шақыратынын, іссапарларға жіберетінін айтып отыр. Бірақ бұл үшін ақша төлемейді екен. Бас дәрігердің мәдениеті нашар, қоластындағылармен дөрекі сөйлесетін көрінеді. Егер басшы сондай болса, басқаларынан не сұрауға болады?! Қарапайым дәрігер мен медбикеден қызметтік этиканы қалай сұраймыз?! Қазақ “Жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды” дейді. Адам еріккеннен жазбайды. Ол ақшасын алмаса, басшысы қиянат жасаса не істеуі керек?!,-деді ол.
    Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Асқар Есмағанбетов өз қызметінде кемшілік жібергенін мойындап отыр. Арызға 45 адам қол қойған. Қазір олармен жеке-жеке жұмыс жүріп жатыр.
    - Арыз-шағымға қатысты облыстан комиссия құрылды. Жалпы кемшіліктер бар. Осыған байланысты арызға қол қойған 45 адаммен жеке-жеке жұмыс жүргізілуде. Қай жерде қандай қателік кеткені анықталады,-деді ол.
    Бұл мәселе облыс әкімінің бақылауында болмақ. Бердібек Сапарбаев бас дәрігерге арыз жазғандарды қудаласа, қызметінен кететіндігін ескертті. Өткен жылы облыста түрлі себептермен 4 бас дәрігер жұмысынан кеткен. Олардың арасында Мәртөк, Мұғалжар ауданының бас дәрігерлері мен Ақтөбедегі балалар ауруханасы мен жедел жәрдем қызметінің басшылары бар. Ал дәрігерлерге қатысты 138 шағым түсіпті. Оның басым бөлігі медициналық қызметтің сапасы мен мамандардың кәсіби этикасына қатысты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Дөрекі дәрігерлер жазаланады
  • Мұңы көп Мұғалжар
  • Екпеден бас тартатындар арасында дәрігерлер де бар
  • Прокуратура: Шалқарлық келіншектің өліміне дәрігерлер кінәлі
  • Шалқардың әкімі халық алдында есеп берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге