25 мың адам жеке клиникаларда тегін емделді

    Бір жылдың ішінде 25 мыңнан аса адам Ақтөбе облысының жеке клиникалаларында стационар қызметі бойынша тегін емделді

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы өңірдің медициналық мекемелерінде тегін емделген адамдардың санын жариялады. Фондтың мәліметінше, жалпы 2018 жылда Ақтөбе облысында толық стационарға түскен 123 мыңнан аса адам тіркелген. Ал күндізгі стационарда шамамен 63 мың адам ем қабылдады. Сондай-ақ, 25 мыңнан аса тұрғын дәрігердің жолдамасымен жеке клиникаларда тегін емделді. Соның ішінде 16 мыңға жуық адам толық стационарда, 10 мыңнан аса адам күндізгі стационарда жатқан. Көп адамды тегін емдеген жеке клиникалардың арасында «Дару» оңалту орталығы ерекшеленді. Онда 7 мыңға жуық адам ем қабылдаған. Екінші орында «Ақтөбе теміржол ауруханасы» ЖШС тұр, ал үшінші орынды «Ақбөбек» оңалту орталығы алды. Айта кетейік, Қормен келісімшарт жасасқан медициналық ұйымдар ғана халыққа тегін қызмет көрсетеді. Еске сала кетейік, былтыр Қормен «Дару», «Қуаныш», «Еуразия медицина орталығы», «БИОС», «Әйгерім», «Ақбөбек», «Көз жарығы», Көзқарас», «Ақниет плюс», «Әсем», «Фрезениус», «Interteach Aktobe» жеке клиникалары әріптестікте болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктер медициналық сақтандыру қорына қарыз
  • 20 жыл бойы ауруын жасырған ақтөбелік зейнеткерге жеке клиникада тегін ота жасалды
  • Ақтөбеліктер ақылы емханаларда тегін қарала алады
  • Алғада тегін такси қызмет көрсетеді
  • 134 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге