29 бала пәтер алды

    Ақтөбеде бүгінде 1600-ге жуық отбасыда жетім балалар тәрбиеленіп келеді. Қала әкімі Ілияс Испанов ата-ананың қамқорлығынсыз қалған он балаға 100 мың теңге табыстады.

    29 бала пәтер алды

    Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай «Өнер орталығында» қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық аукцион-концерті өтті. Шара барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік-патронаттық қолдау жұмысы нәтижесі қорытындыланды. Жас әншілер мен мәдениет майталмандары сахнада өнер көрсетті. Қайырымдылық концерттен бұрын аукцион өткізілді. Өнерпаз балалардың салған суреттері сатылып, аукцион нәтижесінде қорға 330 мың теңге жиналды.
    Жыл басынан бері облысымызда аталып өткен қайырымдылық іс-шараларының ауқымы көбеюде. Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен қалада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асып жатыр. Мұқтаж балаларға қолдау көрсетуге қала әкімдігі де белсенді атсалысуда. Ілияс Испановтан бастап, бөлім басшылары мен олардың орынбасарларына, қалалық мәслихат депутаттарына, ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарға жетім балалар бекітілді. Олар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да ашылған балалардың жеке шоттарына ай сайын жалақы есебінен қаражат салып отырады.
    - 2016 жылы қайырымдылық ісін «Жүректен жүрекке» атты бағдарламамен бастадық. Бүгінгі өтіп жатқан шара соның бір белесі. Болашақта осы жұмыстың нәтижесін одан да жоғарылату керек. Ынтымақтастықтың арқасында халық болып жұмылып, бір-бірімізге көмектестік. Қиын жағдайға түскен азаматтарға қол ұшын созып, бақытты жолын жалғастыру үшін көп жұмыс жасадық. Ата-анасынан айырылған жас балалар болашаққа нық қадам басып, өмірде өз орнын тауып, биік жетістіктерге жету үшін біз бірге көмектесуіміз керек. 329 баланың атына жинақ банкте шот ашылды. Ол шотқа осы күнге шейін 38 миллион ақша жиналды. Соның арқасында 29 бала пәтерлі болып жатыр. Бұл біздің қоғамның қолдауы деп есептеймін. Жақында осы залда отырған азаматтардың көмегімен «Қолқанат Ақтөбе» қорына түскен қаржыдан бастапқы жарна төленді. Ең қомақты көмек көрсеткен СНПС, Ақтөбе Мұнайгаз компаниясының басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз. Олар 13 миллион теңге көлемінде қаржылай демеу білдірді. Осындай ізгі іс барлық ақтөбеліктерге тән екендігіне мен сенімдімін. Қазір қаламызда 1600-дей отбасыда ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленіп келеді. Алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламасы аясында оларға пәтер, оқу және денсаулығын түзетуге арналған қаржы бөлінеді, -деді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.
    Қала әкімі қайырымдылық концертіне қатысып, қолдау білдірген барлық тұлғаларға өзінің алғысын білдірді. Ол концерт барысында ата-ананың қамқорлығынсыз қалған мектеп оқушылары, колледж студенттеріне Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен есепшот ашылғаны мен 100 мың теңге салынғаны туралы сертификат табыс етті. Балаларды қамқорлығына алған кәсіпкерлер мен кәсіпорындар Алғыс хатпен марапатталды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде қайырымдылық балы өтті
  • Ақтөбеде 14 мың оқушыға қаржылай көмек керек
  • Мейірімге шөлдетпеші ешкімді...
  • Жетім балалар үшін үй салынуда
  • Ақтөбеде 428 бала қамқорлыққа алынған
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге