Ақтөбелік жас футболшылар Испанияға барады

    Ақтөбеде 9 айға созылған “Мектеп лигасы” қорытындыланды. Қазақстанда баламасы жоқ жарыста №48 мектеп құрамасы жеңіске жетті. Жас футболшылар “Реал Мадрид” футбол академиясына жолдама ұтып алды.

    23 мамыр күні орталық стадионында "Ақтөбе Мектеп лигасы" маусымының жабылуы өтті. Оған барлығы 231 команда қатысты. “Ақтөбе мектеп лигасы" - елімізде тұңғыш рет бастау алған, балаларға арналған жоба.Оны құрудың басты мақсаты - өскелең ұрпақты спортқа және салауатты өмір салтына баулу. Сондай-ақ “Ақтөбе” футбол клубы, футболдан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебі, “Авиатор”, тағы басқа мекемелердің іріктеу мүмкіндіктерін арттыру.
    -Ойынға барлығы 3200-ден астам мектеп оқушысы қатысты. Экспременттік жоба алғаш рет 2017 жылы облыс орталығының 6 мектебінде енгізілген еді. Алайда өзінің тиімділігін дәлелдеп, жас футболшылардың қызығушылығын оятты. Қазір Ақтөбенің барлық мектептерінде “Футбол сабағы” өтед. Олар қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген, -дейді қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров.
    “Мектеп лигасы-2019” жобасы облыстық футбол Ассоциациясы, қала әкімдігі мен "Ақтөбе" футбол клубының тікелей қолдауымен өткізілді. Орталық стадионда өткен жарысты 8 мыңға жуық көрермен тамашалады. Футболды жақсы көретін ақтөбеліктер жас ойыншыларға қолдау білдіріп, қошеметтеп отырды. Шараның салтанатты жабылу рәсімінде қала әкімі Ілия Испанов та қатысып, жас ойыншыларға сәттілік тіледі. Сөйтіп, көптен күткен жарыс нәтижесі де шықты. №48 мектеп құрамасы үшінші класс арасындағы ақтық ойында 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бас бәйгені жеңіп алған ойыншылар Испанияның әйгілі “Реал Мадрид” футбол академиясына жолдама ұтып алды. Олар енді 10 күн б ойы әлемдік футбол клубының жаттықтырушыларынан тәжірибе жинақтайды. Ал екінші кластың 1 -орын иегерлері - №21 мектеп пен бірінші класс бойынша жеңген №17 мектеп құрамалары Қазақстан футбол академиясында жаттығады. Олар футбол алаңдары UEFA талаптарына сай келетін Шымкенттің БИІК клубына барады. Ал қалған жүлдегерлер қалалық лагерде өз шеберліктерін шыңдайды. Әр команданың құрамында 16 адам бар. Оның екеуі команда басшысы мен жаттықтырушысы болса, қалғандары ойыншылар. Барлық шығынды қалалық әкімдік көтермек. Бұдан бөлек шаһар басшысы жас футболшыларды киім-кешекпен қамтып, қаржылай қолдау көрсеткен спорт жанашырларына алғыс хаттар табыстады. Олардың қатарында “Дару” клиникасы, “Ақтөбе мыс комбинаты”, “Акватория” дүкені, “ТрансТелекомСвязь”, Цеснабанк, Сбербанк секілді компаниялар бар. Ақтөбе облыстық футбол Ассоциациясының бас хатшысы Асхат Қалжановтың сөзінше, жарысқа қаладағы 77 мектептің оқушылары қатысқан. Ал қыркүйек айынан бастап “Мектеп лигасы” аудан орталықтарында да өткізіледі. Осылайша, алдағы күзде “Ақтөбе Мектеп лигасы” бес мыңнан астам жас футболшыны қамтиды. Айта кетелік, биылғы ауқымды шара Ақтөбенің 150 жылдығына арналды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде футболдан мектеп лигасының ашылуы өтті
  • №10 мектеп компьютерлік класс ұтып алды
  • ФУТБОЛ: ЕКІ ОЙЫН – ЕКІ ЖЕҢІЛІС
  • Жас футболшылар неміс әдісімен дайындалады
  • Қыздар арасындағы шағын футбол
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге