Металл ұрлығы өршіп тұр

    Ақтөбеде түрлі түсті металл ұрлығы тыйылмай тұр. Жыл басынан бері 19 қылмыс тіркелген. Әккі ұрылар зираттағы темір-терсекті місе тұтпай, электр сымдарын да жымқыруда. Тіпті ұрланған металл Ресей асып жатқан көрінеді.

    Металл  ұрлығы  өршіп тұр

    Ақтөбе билігі металл қабылдау пункттерін қатаң бақылауға алды. Өйткені соңғы кезде сұғанақтар зират басындағы қоршауларды, саяжай тұрғындарының мүліктері мен кәріз құдығының қақпақтары жиі ұрлайтын болған. Тіпті жоғары кернеулі электр сымдарын ұрлап, халықты жарықсыз қалдыратындар бар. Кәнігі ұрылардың кесірінен тек ақтөбеліктер ғана емес, мемлекет те қаржылай шығынға батып отыр. Сондықтан алдағы уақытта металл қабылдау бекеттерінің қызметі жіті тексеріледі. Бұл үшін қара және түрлі-түсті маталл қалдықтарын жинап, өткізетін компаниялардың ассоциациясы құрылды.
    -Соңғы кездері Ақтөбеде қара және түрлі-түсті металл бұйымдарының ұрлануы жиілеп кетті. Әсіресе, кәріз құдығының қақпақтары жиі ұрланады. Мұның соңы адам өліміне әкеліп жатыр. Тіпті саяжайдағы қоршаулар, су құбырларымен қоса радиациялық қаупі бар мұнай құбырлары мен теміржол рельстері де қолды болады. Ақтөбеде қазір метал қабылдаумен айналысатын 32 ірі компания бар. Оның сегізі қазір жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек тағы 13 шағын метал қабылдау бекеті тіркелген. Тексеру кезінде ұрланған металдың көбіне қай жерге тапсырылатындығы белгілі болды. Алдағы уақытта халықтың ұрланған мүлкін қайтарып, ұрлықты азайтқымыз келеді. Сондықтан металл қабылдау бекеттерін біріктіріп, қауымдастық құруға шешім қабылдадық. Оның құрамына ТЖД қызметкерлері , салық басқармасының мамандары және полицейлер кіреді,-дейді ассоциация басшысы Төлеген Темірбаев.
    Жыл басынан бері түрлі –түсті металл ұрлығына қатысты 19 дерек тіркелген. Алайда оның тең жартысы ғана ашылыпты. Полицейлер мұны тұрғындардың ұрлық туралы кеш хабарлайтындығымен түсіндіреді.
    -Бауырластар зиратындағы темір қоршауларды ұрлаған күдікті ұсталды. Қазір бұл дерекке қатысты тексеру жүріп жатыр. Соңыра сотқа жолданады. Көбіне саяжай тұрғындарының су құбырлары, мүліктері жиі ұрланады. Соңғы рет “Арасан” ЖШС маңынан сыйымдылығы 5 текше метрді құрайтын цистерна қолды болды. Күдікті ұсталып, оның ұрланған затты Жаңқожа батыр көшесіндегі металл қабылдау бекетіне тапсырғаны анықталды. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Алайда тұрғындар өз заттарының ұрланғанын полицияға уақытында айтпайды. Мәселен, Бауырластар зиратындағы қоршаулардың ұрланғаны туралы тек екі айдан соң ғана хабар берілді. Ол жерде күзетші жоқ. Полиция қызметкерлерін үнемі кезекшілікке қоя алмаймыз. Бірақ қылмысты барынша ашуға тырысып жатырмыз,-дейді Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Орыналы Әбдіғали.
    Полицейлердің мәліметінше, көбіне ұрланған бұйымдар Жаңқожа батыр көшесіндегі металл қабылдау орнынан табылады. Сондықтан алдағы уақытта бұл пунктті жабу мәс елесі қарастырылып жатыр. Заң бойынша, ұрланған метал бұйымдарын қабылдайтын кәсіпкерге де жауапкершілік қарастырылған. Орыналы Әбдіғалидің сөзінше, ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 196 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Ал Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев ұрлықты көбіне маскүнемдер мен есірткі шегетіндердің жасайтындығын айтады. Сондықтан оларға “шара қолданып, мәжбүрлі түрде емдету керек” деп есептейді. Соңғы кезде Ақтөбеде жоғары кернеулі электр сымдары да жиі ұрланатын болған. Қала әкімі Ілияс Испанов “бүтіндей бір шағын ауданның халқын жарықсыз қалдыру-нашақордың емес, ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті” екендігіне сенімді.
    -Өткен айда бұл мәселе облыстық полиция департаментінде өткізілген жедел жиын кезінде талқыланып, тапсырмалар берілген еді. Алайда жұмыс алға жылжымай отыр. Өйткені металл ұрлығына тек отбасылық жағдайы төмен адамдардың ғана емес, ұйымдасқан қылмыстық топтардың да қатысы бар. Ресей Федерациясының азаматтары Ақтөбеге келіп, қала тұрғындарының атынан жеке кәсіп ашады. Кейін сол адамдар арқылы тонналап металл ұрлап, оны Ресейге контрабандалық жолмен тасымалдайды. Жақында белгісіз біреулер 12 шағын аудандағы трансформаторды жарты сағатқа сөндіріп, 15 минуттың ішінде электр сымдарын ұрлап әкеткен. Есірткі шегетін адамның жалғыз өзі электр бағанынына шығып, жоғары кернеулі электр сымдарын кесіп алуы мүмкін емес. Құрылысшылар электр желілерін құру үшін 5-6 ай бойы жұмыс істейді. Ал олар бір түннің ішінде ұрлап әкетіп отыр. Бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті болуы мүмкін. Егер ұйымдастырушыларды ұстасаңыздар, қарамағындағы адамдарды да қолға түсіру қиынға түспейді. Өткен жылды жаңа жылдық шыршаның кабелі 6 рет ұрланды. Нашақор жігіт оны металл қабылдау бекетіне 300-400 теңгеге сатып жіберген. Ал оны мемлекеттік мекеме қайтадан 15-20 мың теңгеге сатып алады. Мемлекетке қаншама шығын келіп жатыр,-дейді қала әкімі.
    Алдағы уақытта ұрлықтың алдын алу үшін металл қабылдайтын орындарға кассалық құрылғылар орнатылмақ. Сондай-ақ қызметкерлер қара және түрлі түсті металлдың нақты тізімін жасап, тапсырушы адамның жеке куәлігінің көшірмесін талап етуі қажет. Сондықтан Ақтөбе қаласының әкімдігі мен кәсіпкерлер ортақ келісімге келіп, меморандумға қол қойды. Осылайша олар металл ұрлығына тосқауыл қоймақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты 17 қылмыстық іс қозғалды
  • Металл сынығын заңсыз өткізген ақтөбелік айыппұл төледі
  • Темір ауданында кәріз құдықтарының қақпақтары ұрланды
  • Ақтөбеде сәләфиттердің “қамқорлығымен” мұнай ұрлап жүргендер ұсталды
  • Ақтөбеде 17 тонна контрабандалық қара металл тәркіленді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге