Ақтөбеліктер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

    Ақтөбе халқы жазықсыз жазаланғандар мен ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті. Жылдағыдай “Түйетөбе" ескерткішінің маңына жиналып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына құран бағыштады. Ақтөбеде облыстық филормония жанындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

    Қала тұрғыны Роман Рахиевтің үш бірдей жақыны саяси –қуғын сүргін құрбаны. Жыл сайын ол Түйетөбе ескерткішіне барып, жазықсыз жазаланған аталарын еске алып, рухына тағзым етеді. Ал биыл Ақтөбедегі облыстық филомония жанындағы мемориалда өткен митингке қатысты.
    -Бүгін- біздер үшін кешегі саяси репрессияға ұшырап,аштықта құрбан болған ата-әжелерімізді ұрпақтары ретінде еске алып, олардың рухына тағзым ететін ерекше күн. 1920-30 жылдардағы ашаршылық пен одан кейінгі репрессия -қазақ тарихындағы ақтаңдақ беттердің бірі. Оларды еске алу, ұмытпау-бүгінгі ұрпақтың басты міндеті. Менің үш жақын адамым саяси қуғын сүргін құрбандары ретінде жазықсыз жапа шекті. Туған нағашым, Қарабұтақ өңірінің белгілі азаматы Бақытжан Әзірмәмбетов 10 жылға Сібірге айдалып, сотталып кеткен. Одан 1939 жылы соңғы рет хат келген. Содан бері ешқандай хабар –ошар жоқ. Қай жерде жерленгені де белгісіз. Ал әкемнің ағасы Абыл Маханов домбырашы-музыкант болған. Композитор Ахметов Жұбановтың оркестрінің құрамында 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақтыңәдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан. Осыдан кейін ұсталып, Түйетөбеде атылған. Ал әкемнің кіші ағасы Қани Маханов байдың баласы болғаны үшін 10 жылға сотталған. Колымадағы лагерде отырыпты. Соңыра ақталып, Ырғызда қайтыс болды. Абыл атамыздан ұрпақ қалмады, аштықта қайтыс болған. Ал шешем “халық жауының қызы болғандықтан, пионерге де комсомолға да алмады” деп үнемі айтып отыратын. Мұндай кесапат әрбір қазақтың, отандасымыздың отбасын шарпыды десем артық емес. Бұл-кешегі тоталитарлық режимдегі кеңестік үкіметтің өз халқына жасаған қиянаты. Бұл қасірет қайталануға тиіс емес,-дейді обыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс маманы Роман Рахиев.
    “Руханият” музейінің жетекшісі Жібек Абдулинаның да аталары сойқын саясаттың кесірінен жазықсыз жәбір көріпті.
    -Атам Хазірет Бисенов өз заманында имам болған екен. Түркияда оқып , білім алған. Кейін Қобда ауданының Жаманкөл жайлауының бойында мешіт тұрғызыпты. 16 жыл бойы ауылдастарын имандылыққа тәрбиелеген. 1928 жылы мүлкі тәркіленіп, өзі қуғынға ұшыраған. Шағын түйелі көшімен Орынбор асып, Башқұртстанның Өрнек деген ауылын паналапты. Әкем Мәскеуде білім алып, кейін соғысқа өз еркімен аттанған. Кейін Ақбұлақ ауылында зауытта инженер болып жұмыс істегнен. Атам осы уақытқа дейін
    іздеуде болыпты. 1951 жылы НКВД ұстап, бір түнде Иркутскіге 20 жылға жер аударып жіберген. Ол түрмеде 5 жыл отырып, Сталин өлгеннен кейін ақталып шыққан. Атам елге келгенде мен 5 жаста едім. Ол оқиға әлі күнге дейін есімде. Атам 91 жасында қайтыс болып, Құмсай деген жерге жерленді. Өз заманының атақты адамы болған, әлі күн ге дейін мешіті бар. Мен дін қайраткерінің ұрпағы ретінде басына барып, ас беріп тұрамын. Ал қайынаталарым Аймағанбет –Баймағанбет деген кісілерді 1931 жылы түнде ұстап әкетіп, Түйетөбеде ату жазасына кескен. Олар Ырғыздың темірастау деген жерінде өмір сүрген. Дінге жақын адамдар болыпты деседі. “Апппақтың тамы” деп аталатын мешітінің орны әлі күнге дейін тұр. Әр жыл сайын Түйетөбеге барып, аталарымның рухына құран бағыштап тұрамын,-дейді ол.
    Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингіне
    облыс және қала басшылары, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, қуғын сүргін және ашаршылық жылдары қаза болғандардың туыстары мен жақындары келген. Олар жазықсыз жапа шеккендерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Тарихи деректер бойынша, 1932-1933 жылғы аштық пен аурудан Қазақстанда 3 миллионға жуық адам (жалпы халықтың 42%-ы) көз жұмған. Ақтөбе облысына мыңдаған орыстар, украиндер, корейлер, болгарлар, шешендер, еврейлер, поляктар, немістер мен басқа ұлттардың өкілдері жіберілді. Қазақ халқы оларды жылы қабылдады. Қолда бар соңғысымен бөлісті. Қазіргі таңда олардың ұрпақтары бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Ал, ашаршылықтан кейінгі 1937-1938 жылдардағы сталиндік репрессиялау халқымыз үшін өте ауыр соққы болды. Осы жылдары Қазақстанда 100 мыңдай адам сотталып, оның 25 мыңы атылды. Тек Ақтөбенің өзінен 7 мың адам айдалып, 1800 адам ату жазасына кесілген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш-белгі қойылады
  • Ақтөбеде 1800 адам атылған
  • Қуғын-сүргін құрбандарының веб-порталы ашылды
  • Түйетөбе: тарихқа айналған тағдырлар
  • Түйетөбеде қаралы митинг өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге