Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне жарты жыл қалды

    Қазақстан Республикасының Үкіметі келесі жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) асында көрсетілетін медициналық қызметтің тізімін бекітті.

    Өз кезегінде денсаулық сақтау министрлігі бір жарым жыл бойы жаңа пакеттерді дайындауда медицина қауымдастығымен үлкен жұмыс атқарды, сатып алу, төлем жасау, мониторинг жүргізу механизмдері талқыланды.
    Бұл жұмыстың нәтижесінде екі пакет (ТМККК және МӘМС) пайда болды.
    «МӘМС жүйесінің енгізілуіне алты ай қалды. Бір жарым жыл бойы МӘМС туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. МӘМС-тің арқасында сақтандырылған адамдардың шығынын Қор өтейтін болады. Қазіргі таңда емге кеткен шығынның 40 пайызын тұрғындар өз қалтасынан төлеп жүр. Филиал мамандары екі пакетке кірген қызмет түрлерін халыққа толық әрі түсінікті тілмен жеткізіп жатыр. Жалпы Ақтөбе облысында МӘМС жүйесін енгізу дайындығы жоғары деп атауға болады», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Гүлмира Қожаниязова.
    ТМККК пакеті барлық тұрғындарға арналған, тіпті олар сақтандырылмаған болса да мемлекеттің қаржысына емделе береді, яғни алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек одан әрі қолжетімді болады.
    Жалпы, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде жедел жәрдем көмегі, санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек бар. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар аурулар мен негізгі созылмалы дерт кезінде кеңес алу-диагностикалық көмек, амбулаторлық дәрі-дәрмек, жоспарлы стационар мен күндізгі стационар тегін болып қалады. Сондай-ақ, туберкулезге шалдыққандарға оңалту толық көрсетіледі және (туберкулезге, онкологиялық ауруға, терминалды кезеңдегі созылмалы ауруға шалдыққандарға, өздігімен қозғала алмайтын күтімді талап ететін адамдарға) паллиативті көмек беріледі.
    МӘМС пакеті медициналық көмектің қалған тізімін қамтиды. Ол сақтандырылған әрбір адамның өмір сапасын жақсартуға және болашақ ұрпақтың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
    МӘМС пакетінде кеңес алу-диагностикалық көмек, соның ішінде қымбат лабораториялық қызметтер, ТМККК-ке кірмей қалған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоспарлы стационар мен күндізгі стационар, медициналық оңалту мен қалыпқа келу емі бар.
    «Айта кеткеніміз жөн, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмекті республикалық бюджет есебінен қаржыландырып отыр, ал МӘМС пакеті төлемдер мен жарналар есебінен өтеледі. Бүгінде Қазақстан бойынша төлемдер мен жарналардың жалпы соммасы 176,7 млрд теңгені құрап отыр, соның 7,9 млрд теңгесі Ақтөбе облысына тиесілі. Бұл қаражаттың барлығы Ұлттық банкте сақталып тұр, 2020 жылы ол сақтандырылған адамдардың еміне жұмсалады», деді филиал директоры Гүлмира Қожаниязова.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 25 мың адам жеке клиникаларда тегін емделді
  • Қант диабеті мен вирустық гепатитте дәрі-дәрмектер тегін беріледі
  • Ақтөбеліктер ақылы емханаларда тегін қарала алады
  • Медициналық сақтандырудың ақшасын қайтарып алуға болады
  • Кім тегін емделеді?
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге