Ақтөбеге жаңа басшы келді

    Үш жыл қатарынан қала әкімі болған Ілияс Испанов жаңа қызметке ауысты. Облыс басшысы Оңдасын Оразалин өзінің орынбасары болған Мавр Абдуллинді қала әкімі болуға лайықты деп тапқан. Осыған дейін облыстың екі ауданында әкім болған Мавр Абдуллин енді қала әкімі атанды.

    Ақтөбеге жаңа басшы келді

    ҚР Президенті Әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен қала әкімі қызметіне Мавр Абдуллин кірісті. Жаңа әкімді қала активіне арнайы таныстырған облыс басшысы оның алдағы жұмысына сәттілік тіледі. қызмет барысында Елбасы бекіткен бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін де атап өтті.

    «Экс-әкімге сәттілік тіледі»
    Үш жыл қатарынан қала әкімі болған Ілияс Испановқа алғысын айтып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
    - Қаламыз 150 жылдығын үлкен көлемде тойлады. Соған 3 жылдың
    ішінде үлесін қосқан Ілияс Испановқа алғыс айтамын. Істеген жұмыстары көп. Қаланың көркеюіне, әлеуметтік саладағы мәселелердің шешімін табуға тырысты. Қаламыз соңғы жылдары ерекше қарқынмен дамып келеді. Тәуелсіздік алғалы бері Ақтөбедегі тұрғындардың саны екі есеге өсті. Күні- түні қызмет ету, қала тұрғындарының жағдайын жасау қиын қызмет. Кей кездері асығыстықпен туындаған мәселелерді тез шешкіміз келеді. Бірақ бірі шешілсе, бірі шешілмей жатады. Осы үш жыл ішінде Ілияс Сапарбекұлы өзінің білімі мен тәжірибесін көрсетіп, жақсы нәтижеге қызмет атқарды. Осыған орай жақында Ілияс Сапарбекұлына орталықтан қызметті ауыстыруға ұсыныс түсті. Соған байланысты Ілияс Сапарбекұлы өзін Ақтөбе қаласының әкімі қызметінен босатуға өтінішін тастады. Өзі Оңтүстік Қазақстан жерінде дүниеге келгенімен Ақтөбе қаласы үшін еңбек етті. Осы үшін өзімнің рахметімді айтқым келеді,-деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

    «Жаңа әкімді таныстырды»
    Қалалық депутаттардың жиналыстында облыс басшысы қала әкімі болуға Мавр Абдуллинді ұсынған. Депутаттар қолдау танытып, облыс басшысының бірінші орынбасары Ілияс Испановтың орнына келді. Ойыл ауданының орынбасары лауазымынан бастаған Мавр Абдуллин облыс әкімінің бірінші орынбасарына дейін көтерілген.
    - Өзімнің бірінші орынбасарымды қала әкімі болуға лайық деп таптым.
    Осындай маңызды жұмысқа қандай адам болу керек екенін жақсы білесіздер. Туындаған мәселелердің шешімін табуға көмектесетін азамат. Қаланың орны ерекше болғасын осындай шешімге келдім. 24 маусымнан бастап Мавр Абдуллин Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды. Қалада тұрғын үймен қамту, көп балалы аналардың әлеуметтік жағдайына оңды ықпал ету, экологиялық жағдайды қалыпқа келтіру бойынша, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жаңа әкім қала тұрғындарымен ауызбіршілікте жұмыс жасайды деп сенемін. Осы бағыттағы жұмыстарды жеделдетіп, сапалы түрде атқару қажет,-деді Оңдасын Оразалин.

    «Мен Ақтөбелікпін»
    Өзін Ақтөбелікпін деп қоштасқан Ілияс Испанов жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі. Аяқталмаған шаруларды Мавр Ерғалиұлы жалғастыратынын да жеткізді.
    - Үш жыл уақыт тез арада өтіп кетті. Барлығымыз осы уақыт ішінде
    тығыз жұмыс жасадық. Ақтөбеліктердің арқасында көп жетістіктерге жеттік. Оңай болған жоқ. Көп нәрсені үйрендім. Болашақтағы қызметіме септігін тигізеді деп ойлаймын. Ақтөбені елбасы құтты мекен деп бекер айтқан жоқ. Себебі осы қалада көп істер жасалды. Осы жерде қызмет жасап, жоғарылап кеткен адамдардың көбісі өздерінің алғысын айтып кетеді. Соның біреуі мен. Осы жерде жұмыс жасағаныма ризамын. Сізгерге алғысымды айтамын. Кейбір нәрселер бітпей қалды. Бірақ олар аяқталатын болады. Мавр Ерғалиұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеймін. Ақтөбедегі әр отбасының шаңырағында қуаныш болсын. Осы жаққа келгенімде «Мен Ақтөбелікпін» деп келетін боламын,-деп өзінің ыстық ықыласын білдірді экс-әкім Ілияс Испанов.

    «Ақтөбе үшін қызмет етемін»
    - Осындай жауапты іске тағайындап жатыр. Қандай азамат болса да
    өзінің қызмет жасған жеріне із қалдырғысы келеді. Осы ақтөбеліктермен бірігіп, қаланың өсіп өркендеуіне бірігіп жұмыс жасайтын боламыз. Мемлекет басшысының берген көптеген тапсырмалары бар. Соның барлығын халықпен бірігіп атқарамыз деп сенім білдіргім келеді. Осы уақытқа дейін Ілияс Сапарбекұлының артынан жақсы із қалды. Осы өңірдің экономикасының дамуына үлесін қосты. Қай жерде болса да аман болуына тілектесмпін. Ақтөбе өңірі осы жерде жұмыс жасап кеткен азаматтарды ұмытпайды. Қай уақытта келсе де есігі айқара ашық. Сондықтан Ілияс Испановқа өз ризашылығымызды білдіреміз,-деді Ақтөбе қаласының жаңа әкімі Мавр Абдуллин.
    Қаланың жаңа әкімі Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Осыған дейін Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Облыстық ауыл шаруашығы басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасады. Соңғы жылдарда Ойыл, Алға аудандарының әкімі қызметтерін атқарды. Қала әкімі болмастан бұрын облыс басшысының орынбасары лауазымында болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жергілікті полиция қызметінің басшысы ауысты
  • Ілияс Испанов триатлоннан жарысқа қатысады
  • Облыс әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды
  • Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды
  • Мавр Абдуллин Алға ауданының әкімі болып тағайындалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге