Міндетіміз – халыққа таза өнім ұсыну

    "ЖК Қазин" жылыжайы» көлемі шағын болғанымен үлкен Шалқар ауданын қиярмен қамтамасыз етіп отыр. Жылыжай шаруашылығымен айналысып отырған кәсіпкер бүгінде жақсы табыс тауып отырғанын айтады. Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Жылтыр ауылының тұрғындары таза көкөніс өнімдерін жергілікті кәсіпкерден сатып алады.

    Міндетіміз – халыққа таза өнім ұсыну

    Жылтыр ауылындағы жылыжай кешені өз жұмысын 2016 жылы бастаған. Өте аз уақыт өтсе де, бүгінде жылыжай өнімдеріне сұраныс өте жоғары болып отыр. Жексенбай Қазиннің айтуынша, олар өсіретін қиярдың дәмі ерекше. Сұраныс жоғары болғаны соншалықты, жылыжайдан жиналған өнім Шалқар ауданынан ауыспайтын көрінеді. Көлемі шағын жылыжай кешенінде бүгінде қияр, қызанақ, аскөк және ақжелкен өсіріледі. Жалпы жылыжайдың негізгі көлемі 350 шаршы метрді құрайды.
    - Бізде жылыжай кешенінің аумағы аз болғандықтан, мемлекеттік көп субсидиялар бөлінбейді. Қалалық және ауылдық әкімшілік бөлімдерден үлкен қолдау білдіріледі. Әрқашан жағдайымызды байқап, қандай көмек керектігін сұрайды. Барынша көмек көрсетіледі,-дейді Жексенбай Қазин.
    Кәсіпкердің айтуынша, жылыжай кешенінің жас мамандарға да берері мол. Жылыжай кешенін салудың өзі ауыл шаруашылығына қосқан үлесіміз есептейміз. Өйткені, бұл кәсіп түрі қазіргі таңда елімізде жаңа дамып келе жатқан жас сала. Республиканың әрбір ауыл-аймағында жылыжай кешендері көптеп салынып жатыр. Әрине, бұл өте қуанышты жайт. Өйткені, біз халыққа таза өнімді ұсынумыз қажет. Тұрғындарды сапалы әрі дәмді өніммен қамтамасыз етуіміз керек деп есептеймін. Сондықтан, мұның өзі үлкен тәуекелділікті қажет етеді. Біздің жылыжайдың өнімі өте сапалы. Сол себепті де үлкен сұранысқа ие,-дейді кәсіпкер. Жылыжай кешені Шалқар ауданындағы Жылтыр аулында орналасқан. Бүгінде Жылтыр ауылдық жылыжай кешенінде тұрақты 2 қызметкер жұмыс жасайды. Олар мықты маман болғандықтан ауыспайды. Оған қосымша биржа арқылы жұмыс жасайтын адамдар да бар.
    Жылыжай басшысының жоспарында тағы бір жылыжай кешенін салу жоспары бар. Бұл тізімнің ең бірінші кезегінде тұрған ой дейді. Кәсіпкер қазіргі уақытта жұмыс жасап тұрған кешеннің көлемін әрі қарай кеңейтіп, осы саланы дамыта бермек.
    - Жоспар өте көп. Енді барлығы уақыт еншісінде болып отыр,-дейді жылыжай басшысы.
    Қыс мезгілінде «алысамыз»
    - Жылыжай кешенінде қиын кезең – қыс мезгілі. Өйткені, қыста күн көзі өте аз түседі. Ауа-райы суық, көбіне бұлтты болады. Сырт салқын болғандықтан, жылыжай кешенінің іші тым ылғал болады. Бұл өсімдіктердің өсуіне үлкен кедергі келтіреді. Осы кезеңде «алысамыз», көбірек жұмыс жасаймыз. Біздер көбінесе минералдық тыңайтқыштармен қатар органикалық және биологиялық тыңайтқыштар пайдаланамыз. Соның әсерінен көкөніс өнімдерінің дәмі тәтті, сапасы жағынан жоғары бағаланады. Шалқарлықтар біздің өнімді бөлек жақсы көреді. Былтырғы маусым өте сәтті аяқталды, түсім мол болды. Бірақ, өзіндік қиыншылықтары болды. Онсыз бола ма?! Қазір бірінші сезон, яғни көктемгі маусым аяқталды. Енді бұйырса, күзгі яғни екінші маусымға дайындық жүріп жатыр. Соған қатысты тыңғылықты жұмыстар жасау үстіндеміз.

    Жылыжай кешенінің іші уақытылы тазаланып тұрады. Дезенфекиялау шараларын өткізу өнімнің түсімі жақсы болуы үшін маңызды. Тазалықты бірінші орынға қойған жұмысшылар жылыжай ішін өсімдікке жайлы етіп қойған. Оған қоса кешен ішіндегі ішкі топырақтар да ауыстырылып тұрады.
    - Бұл кәсіп түрі мен үшін өте тиімді. Қолжетімді бағамен көкөніс сатып, пайда табуға болады. Дегенмен бұл сала үлкен тәуекелділікті талап етеді. Оған қоса, шыдамдылық пен үлкен еңбекті қажет етеді. Оларсыз ештеңе шықпайды. Біздің негізгі өнім - қияр. Ол асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз келеді. Аз уақыт арасында шығады, өнімді тез береді. Сондықтан да өте қолайлы. Агротехникалық шараларды дұрыс қолданса, ұзақ мерзімге дейін мол өнім алуға мүмкіндік бар. Жылыжай кешеніде жыл бойы қияр ексек, ал жазға қарай кешеннің ауласына қызанақ егеміз,-дейді Жексенбай Қазин.
    "ЖК Қазин" жылыжайы» 2017 жылдан бастап көкөніс өнімдерін сатылымға шығарды. Шағын кәсіпті ашу үшін жылыжай басшысы кәсіпке арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 6 %-дық мөлшермен 5 млн теңге көлемінде несие алған. Сол қадам арқылы кәсіпті бастапты. Көкөністен басқа жылыжайдың ауласына петунья гүлі егілген.
    - Ақпан айында тұқым егеміз, содан наурыз айында өнім аламыз. Одан кейін жағдай дұрыс жасалынса, әрі қарай 3-40 айға дейін тұрақты түрде өнім алуға болады. Бір маусымда 5 жарым тонна көлемінде қияр жинаймыз. Түсімнің мол болуы әр кезде жағдайға байланысты. Нәтиже үнемі бірдей бола бермейді. Жылыжайдан шыққан өнімдерді Шалқар қаласындағы азық-түлік дүкендеріне көтерме саудамен тапсырамыз. Сұраныс жоары болғандықтан болар, көкөніс осы ауданнан ауыспайды. Арасында Бозой, Айшуақ, Жаңақоныс деген сияқты ауылдық округтарға таратамыз, -дейді жылыжай қызметшісі.
    Тыңайтқыштардың пайдасы көп
    Өсімдіктің өнімі жақсы болуы үшін агроном мамандар тыңайтқыштардың маңызы зор дейді. Бұл жерде біріктірілген(комплексный) тыңайтқыштар қолданылады. Оның ішінде азот, калий және фосфор біріктірілген. Әр фазада әрқайсын бөлек себеді. Өсімдіктің алғашқы өсу кезеңінде тамырының нықтап орнығуы үшін фосфоры көп тыңайтқышты қолданады. Ал гүлдейтін кезеңде азоты, фосоры бар қоспалар себіледі. Өсімдік түйнектеген кезден бастап калиі көп тыңайтқыштарды пайдаланылады. Бұл біріктірілген тыңайтқыштардың бір артықшылығы: микроэлементтердің көп болуы. Құрамында өсімдікке қажетті бор, магний, күкірт элементтері болады. Бұл топырақтың жақсы жұмыс жасауына үлкен септігін тигізеді. Оның ішіндегі көңдерді, тірі бактериялардың жұмыс істетеуіне әсер етеді.
    Өнімнің мол шығуы үшін өсімдікке қолайлы барлық жағдай жасалуы керек. Сол кезде ғана нәтиже күткендей болады. Қияр өте сезімтал көкөніс болғандықтан, біршама күтімді қажет етеді. Жағдайы дұрыс болмай қалса, бірден байқалады. Сарғаяды, өнім дұрыс бемейді. Түрлі аурулар шығарады. Ол үшін ең негізгі факторлар: құнарлы топырақ, қолайлы ауа температурасы және жарық. Осы негізгі үш фактор дұрыс сақталынса, өнім тұрақты алынады. Міндетті түрде тыңайтқыштар арқылы өсімдікке қажетті элементтер жеткізіліп тұруы қажет. Тыңайтқыш уақытылы себілмесе, өсімдік аурушаң болады. Оған қоса зиянкестер үйір болады.
    - Бізде қыс айларында күн сәулесі жеткіліксіз болады. Ал, жаз айларында күннен келер жылу мол болғандықтан, керісінше ыстық болмауы үшін көлеңкелейміз. Жылу жүйесін реттеу үшін кейде форточкаларды ашып қоямыз. Сол арқылы ауа ағынын қалыптастырамыз. Жылыжай кешенінің егістік алқабы 10 сотықты құрайды. Ал жылыжайдың өзінің аумағы 350 шаршы метр ғана, -дейді ол.
    Бұл кәсіпке бел буып араласқан Жексенбай Қазиннің мамандығы мүлдем басқаша. Өзі өсімдік әлемінен көп хабардар болмаса да, жылыжай кешенін салып, тыңғылықты еңбек етіп жүр.
    "ЖК Қазин" жылыжайында өсірілетін көкөністердің тұқымы көбінесе голландтық. Бірнеше тұқымдарын байқап, тәжірибе жасап көрдік дейді. Олардың барлығы да мол өнім берді, дәмі жағынан да жақсы бағаланды. Тұқым таңдаған кезде оның дәмне баса назар аударылады екен. Алдымен аз мөлшерде егіп, кейін нәтижесіне қарай жұмыс басталады. Сорттарды сол себепті асықпай таңдалады.
    - Қазір біздегі өнімнің дәмі жақсы болғаны себебі, ол ешқандай қоспасыз. Тамышылатып суару жүйесін қолданамыз. Қазіргі кезде бұл тәсіл кеңінен қолданылып келеді, тіпті егістікте де пайдаланылады. Жылыжай кешенінде міндетті түрде тамшылатып суару жүйесі қолданылады. Ол бір жағынан өте тиімді, өсімдіктерге пайдалы. Ол өсімдік тамырына судың жеткілікті болуын қамтамасыз етеді. Ылғалдың мол болуы да осыған тікелей байланысты. Өйткені, су бірден топыраққа еніп кетпей, біртіндеп дымқылданады. Ол өз кезегінде тамырдың жайылуына , судың жеткілікті болуына, өзіне қажетті мөлшерде өсімдіктердің суды алуына өте ыңғайлы. Тыңайтқыштарды да осы жүйе арқылы енгіземіз. Өйткені барлық тыңайтқыштар суда ериді. Кейде жаңа биологиялық тыңайтқыштарды сепкен кезде топыраққа молырақ себілуі үшін қолмен суарамыз. Оған қоса жапырақтарға шашамыз.
    Жылыжай шаруашылығымен айналысатындардың «жауы» - паразиттер. Онымен күресу үшін барлық шаралар уақытында қабылданады. Кәсіпкердің айтуынша, әрбір өсімдіктің өзінің "жауы" болады. Бірнеше өсімдікті талғамай жейтін зиянкестер де аз емес. Олардың көлемі кішкентай болғандықтан, бірден көзге түспейді. Аз уақытта өсімдікті «құртып» үлгереді. Сол себепті алдын-алу шаралары жасалады. Тіпті, қазір әрбір зиянкеске, әрбір ауруға қарсы препарраттар бар. Олар да өсімдікке суару, шашу арқылы енгізіледі.
    - Біздің қолданатын дәрілік препараттар өнімдер Италиялық Bayer компаниясының өнімдері. Қазіргі таңда бұл компания өте сапалы өнімдер шығаратын компаниялардың қатарында. Осы жағынан аса мән беру қажет. Өйткені дәрілік препараттар дұрыс қолданылмаса, өсімдікке зиянын тигізеді. Сол себепті де, өте сапалысын таңдау қажет. Бір айта кететіні, бұл дәрілік препараттардың адам денсаулығына ешқандай зияны жоқ. Себебі олар өсімдіктің түйнектеріне енбейді,-дейді жылыжай басшысы.
    Халыққа жыл бойы таза өнім беру үшін жылыжай кешенінің жағдай тұрақты болуы қажет. Кешен ішінде жылу жүйесі өте қарапайым. Қыс мезгілінде әрбір өсімдіктің астына қатар аралықтарына «жылы еден» төселеді. Қаһарлы қыстың ызғарынан өсімдіктерді қорғау үшін жылыжай қызметкерлері осы әдісті қолданады. Өсімдіктің негізі тамырдан басталады. Сол себепті тамырды суықтан қорғау қажет.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Экологиялық таза өнім шығаратын шаруа
  • "Осындай деп ойламадым..."
  • Ақтөбе қызанақтары сұранысқа ие
  • Қиярдың “қожайыны”
  • Ақтөбенің көкөністері үлкен сұранысқа ие
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге