8,5 мың тонна дизель отыны бөлінді

    Ақтөбеде егін егу науқаны сәуір айының соңында басталған болатын. Облыс бойынша көктемгі-далалық жұмыстарын жүргізуге биыл 8 500 тонна дизель отыны бөлінген.

     8,5 мың тонна дизель отыны бөлінді

    Ауылшаруашылығы құрылымдары жабу жұмыстары биыл облыс деңгейінде тыңғылықты жүргізілді. Көктемгі-далалық жұмыстарды уақытылы және сапалы жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданды. Нәтижесінде облыс бойынша егіс жұмыстары 789,2 мың га көлемінде жүргізілді. Оның ішінде дәнді дақылдар 452,2 мың га алқапқа, майлы дақылдар – 30,3 мың га көлемінде егілді. Сонымен қатар, мал азығы – 288,2 мың га, картоп – 6,1 мың га және көкөніс-бақша дақылдары – 5,6 мың га көлемді құрайды.
    - Егіс науқаны қалыпты және сапалы жүргізілді. Тиісті көлемде жаңа жарнамен толық көлемде қамтамасыз еттік. Министрлік тарапынан 8,5 жарым мың тонна жағармай бөлінді. Егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында биыл жалпы дәнді дақылдардың үлесі былтырғы жылмен салыстырғанда 60,4%-дан 58,2%-ға төмендеді. Соның ішінде бидайдың үлесі 42,4%-дан 39,2%-ға дейін азайып отыр. Оған қосымша, мал азығы дақылдарының алқаптарын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Мал азығы дақылдарының үлесі 31,4%-дан 36,5%-ға дейін ұлғайды, - дейді Ақтөбе облыстық ауылшаруашылығы басқармасы егіншілік бөлімінің басшысы Диас Ерғалиев.

    Оның айтуынша, биыл 170 мың га астам сүр өңделеді. Осы мақсатта аудандарда жұмыстар қарқынды басталып жатыр. Бұл жоспар келесі жылға жер дайындау мақсатында жүзеге асып отыр.
    -2019-2020 жылдың қысында мал шаруашылығын мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында 2,3 млн тонна мал азығын бойынша дайындау жұмыстары басталды. Бұл қажеттілік 1 жарым жылға жетеді. Бүгінге күнге дейін 200 мың тонна шөп шабылды, - дейді басқарма басшысы.
    Егіншілік жұмыстарын жүргізуде техникалық кешеннің маңызы бірінші орында. Биыл көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге 5 608 бірлік трактор қолданылды. 2 274 бірлік тұқым сепкіштер мен 1 338 бірлік жер өңдейтін техникалар толықтай жұмылдырылды. Техникаға пайдалатын жағармайдың ауыл шаруашылығы құрылымдарына жіберу бағасы – 1 литр 169,5 теңгені құрайды.
    - Шаруашылықтарға мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отыр. Осы мақсатта биыл жергілікті бюджеттен 841 млн. теңге субсидия қарастырылды. Бөлінген қаражат бойынша субсидиялау процесі қарқынды жүруде,-дейді Дияс Ерғалиев.
    Ақтөбеде негізгі егін егумен Әйтеке би, Қарғалы, Хромтау, Мәртөк аудандары айналысады. Осы аудандарда ең ірі егін алқаптары орналасқан. Оған қосымша егін шаруашылығымен Хобда, Темір және Мұғалжар аудандары да айналысады. Шалқар, Байғанин және Ырғыз аудандарында картоп және көкөніс бақша дақылдары өңделеді.
    - Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін 754,1 мың гектар алқапқа жүргізу жоспарланды. Көктемгі егіске 44,3 мың тонна тұқым қажет болса, бүгінгі күнге іс жүзінде 46,2 мың тонна тұқым құйылды. Бұл жоспардың 100% құрайды, -дейді Дияс Ерғалиев.
    Егіннің ең негізгі зиянкесі – шегіртке. Биыл онымен күрес үшін жергілікті бюджеттен 30 млн теңге бөлінген. Бұл қаржы 17 мың алқапты зиянкестерден аластау үшін жұмсалады. Сондай-ақ, арам шөптермен күрес үшін гербицидтер де толығымен дайындалған болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл 514 мың тонна астық жиналды
  • Тұрақтандыру қорына 1500 тонна картоп түседі
  • Ақтөбеде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Биыл 530 мың гектарға егін егіледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге