«Алло, бұл кім?»

    «Қазақтелеком» десе, үйдегі телефон есімізге түседі. Сол жақта жасайтын мамандардың кім екені де қызықтырмайды. Дегенмен алыстан хабар алғызып, көрмеген жақынын телефонмен байланыстыратын жандар бар. Бүгінде интернетсіз бір күнімізді елестете алмаймыз. Ал бұл журналист үшін тіптен қауіпті. «Керек.info» тілшісі монтерлар сияқты интернет желісін шыр айналдырмаса да, электромонтерлардың бір күндік жұмысымен танысып қайтты.

    «Алло, бұл кім?»

    Екі күн демалыстан кейін аптаның бірінші күні кім үшін де жеңіл емес. Сол күні редакцияда отырудың орнында басқа саланың жұмысын қадағалап көргім келді. Үйдегі интернет желісі, қолымдағы телефон, жұмыстағы компьютерім бір сәтте өшіп қалса не болады? Осы сәтте кім көмекке келеді? Мен үшін барлығы қызық болды. Осылай деп ойлап 11-мөлтек ауданында орналасқан «Қазақтелеком» АҚ бөлімшесінен бір-ақ шықтым. Қазақстанның әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылғанына бүгінде 25 жыл болды. Осы жыл аралағында электрлік байланыстың жаңа түрлері іске қосылды. Ал осының барлығы осы салада жұмыс жасап жүрген мамандардың септігімен жүзеге асып жатыр. Он сегіз жасынан бері осы салада қызмет жасап, соңғы екі жылда жергілікті желілерге техникалық күтім жасау орталығының басшысы болған Нұржан Жұмабаев қызметкерлерімен мақтанады. Айтуынша, облыс бойынша орталықта 379 адам жұмыс жасап жатыр.
    - Орталықтың өзінде 379 адам бар. Оның ішіне аудандар да кіреді.
    Қаланың өзінде 150-ден астам адам жұмыс жасайды. Қалада үлкен бес станция бар. Осы станция соның бірі. Бұл жерде 130 шақты қызметкер отырады. Көбесі электромонтер мен кабельщиктер. Оның ішінде 73 кабельщик, 58 электромонтер бар. Біздің саладағы мамандықтар сұранысқа ие. Ештеңе бір орында тұрған жоқ. Күннен күнге мамандар өсіп жатыр. Жас мамандар өте көп. Цифрлық желілік цехында жұмыс жасайтындардың көбі жас мамандар. «Megalint, Ad Net, Ad Tv» қызметтерін қондырады. Қазіргі таңда сол жақта 31 адам жұмыс жасайды. 31 адамның 95 пайызы жас мамандар. Электромонтерлардың ішінде де 20-30 жылдан артық жұмыс жасап келе жатқандар өте аз. Қызметкерлеріміз тез көтеріледі. Бір жылдың ішінде инженер болғандар бар. Барлығы адамның өзіне байланысты. Жұмыс жасап, өзін көрсете білу керек. Студенттердің көбісі «Байланыс және электротехника» колледжінен келеді. Біздің жұмыста тәжірбиелік практикасынан өтеді. Практикадан кейін осында жұмысқа тұратындар бар. Тұрғындардың көбісі интернет мәселесі бойынша хабарласады. Дегенмен әр түрлі жағдай болады. Жалғыз біздің жабдықтарға байланысты емес. Ол абоненттің үйінде тұрған компьютеріне, теледидарына байланысты болуы мүмкін. Бұзылымдардан бөлек ағымдық жұмыстар бар. Алдын ала сақтандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұзылымдар болмас үшін алдын ала жөндейді. Соның арқасында көптеген бұзылымдардың алдын алдық,-дейді Нұржан Жұмабаев.
    Бүгінде республика бойынша ақтөбелік мамандардың жұмысы жақсы бағаланып, үшінші-төртінші орында келе жатыр. Әрине алдыңғы қатардан Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысы тұр. Алыстан хабар алғызып, желілерді бір-біріне жалғап отырған қызметкерлердің айлығы біздер ойлағандай көп емес. Ең жоғарғы айлық 150 мың болса, төменгі жалақы 75-80 мың болады екен.
    - Өткен жарты жылдық бойынша Астана қаласында жиналыс болады. Сондағы соңғы мәліметтер бойынша өткен жылмен салыстырғанда бұзылымдар 5000-ға дейін төмендеді. Осының барлығы мамандардың арқасы. Ай сайын, тіпті жеті сайын филиалдар арасында рейтинг қорытындысы шығып тұрады. Техникалық блок бойынша өткен жылғы есеп бойынша үшінші орында болдық. Қазір төртінші орында келе жатырмыз. Жұмыста ең жоғары айлықты жетекші-инженерлер алады,-дейді жергілікті желілерге техникалық күтім жасау орталығының басшысы.

    «Алло, бұл кім?»
    «Алло, бұл кім?»
    «Алло, бұл кім?»
    «Алло, бұл кім?»
    «Алло, бұл кім?»

    Орташа жалақы 100-120 мың. Жұмыс уақыты сегіз сағат. Сонымен бірге белсенді емес кезекшілік деген бар. Бізде апаттық жағдай, ұрлық деген сияқты оқиғалар көп тіркеледі. Сол уақытта кезекшілер жұмысқа шығады. Артынан келесі күні демалады. Бес күн жұмыс, екі күн демалыс. Электромонтерлардың арасында алты күн жұмыс жасайтындар бар. Олар күніне 8 сағат емес, 7 сағат жұмыс жасайды

    «Алло, бұл кім?»
    «Алло, бұл кім?»
    «Алло, бұл кім?»

    Жас мамандарды жақсы қолдайтын ортада «Z-телеком» деген жастар ұйымы бар. Нұржан Жұмабаевтың өзі де осы ұйымның мүшесі екен. Жас мамандардың ортаға тез бейімделуі үшін ұйымдастырушылар түрлі тренингтер өткізіп тұратынын жеткізді.
    Сағат таңғы тоғыз. Орталық басшысымен бірге жиналыс болып жатқан кабинетке кірдім. Көк түсті киіммен отырған бір топ ер азаматтарды байқадым. Олардың көздерінен жұмысқа деген ынтаны көруге болады. «Маған қандай тапсырма беріледі екен» деп күтіп отырғандай көрінді. Кабельдік цехтың басшысы Сержан Какимовтың қызметкерлеріне «сәрсенбіге дейін бітір. Отыр беріңдер. Түстен кейін бастау керек. Сен оған хабарлас. Басқа мәселе бар ма?» деген сөздерін ғана түсіне алдым. Қазақтелекомға алғаш қадам жасап, ештеңе түсінбейтін журналист үшін кабель, шкаф деген сөздерді түсіну оңайға соққан жоқ. Артынан ғана ол сөздердің мағынасын монтерлармен бірге жүріп шемешкідей шағатын болдым. Жиналыстан кейін сыртында оқу палигоны деген жазуы бар кабинет ішіне кірдік. Мамандардың барлығын оқытып, үйретіп жүрген Ермек Арынғазыұлы осы саланың шебері болып алған. Бірден таныстыру жұмыстарын жүргізіп, жұмысына кірісіп кетті. Алғашында өзімді сол кісінің оқушысыныдай сезініп қалғаным рас.
    - Қазан мен мамыр айында мамандар осында оқиды. Тест тапсырады.
    Экзаменнен өтеді. Жазда тәжірбиелік жұмыстарын жасайды. Осы жерден дайындалып, жарыстарға барады. Кешегіде ғана Алматы қаласында республикалық жарыс болды. Сол жарыстан батыс өңірі үш орынды да бөліп алды. Біздің Ақтөбе екінші орынды алып келді. Жарыста жігіттеріміз кабель жасады. Шкафты жинады. Қазір барлығы оптикамен қарастырылған. Оны бір-біріне жалғау керек. Кеткен ақауын табу керек. Біздің жұмысымыз электриктерге қарағанда тоқ жағынан қауіпті емес. 48 вольт. Оптикада қауіптісі жарық. Әрбір үйге баратын байланыс талшықпен барады. Оптика дегеніміз-шыны. Өте жоғары жылдамдықтағы байланыс,-дейді Ермек Арынғазыұлы.
    Оқу полигонының ішінде далада тұртын құдық орналасқан. Тәжірбиелік сабақтың жақсы өтуіне барынша тырысқан мамандар кабинет ішіне шынайы құдықты орналастырған. Бүгінде қалада осындай құдықтың 4600 данасы бар. Бәлкім сіздер сол құдықтардың үстінен басып жүрген шығарсыздар. Өз басым осы күнге дейін ол құдықтардың барлығын су келетін құбырлар деп ойлағанмын. Шын мәнінде оның астында әлемді жақыннан байланыстыратын желілік тоқтар жатады екен.
    ВРЕЗКА
    Даладағы кейбір құдықтардың бетінде «гтс» деген жазуды байқасаңыз астында бұратылған тоқтар барын біліп жүріңіздер. Тіптен далада тұратын алып бағананы да кабиенет ішінен көрдім. Оқу кабинеті қазақтелеком мамандары үшін өте қолайлы. Себебі осы арқылы барлығын анық үйренуге болады.
    - Осы мамандыққа оқуға түсетін жастар сабақты барынша оқу керек.
    Оптиканың бір жағынына жарық берсе, екінші жағы жанып тұрады. Бізге интернет соңғы онжылдықта ғана келді. 2007 жылы Ақтөбеде 1000 ғана абонент бар болатын. Ал, бүгінде 100 мыңға жуық абонент бар. Осында жұмыс жасап жатқаныма 30 жылдан асты. Соңғы екі жылда ментор болып қызмет көрсетіп жүрмін. Абононеттерден өтінім түскен кезде оларды жөндейдін уақыты бар. Оптикадан түссе бір сағаттың ішінде жасап боламыз. Абоненттерге кепілдік береміз. Барлығының өз уақыт бар. Сондықтан уақытты созбай, жылдам жасау керек. Қазір ешқандай мамандықтың қиындығы жоқ. Оқимын деген балаға барлығы жасалған. Ең бастысы білім керек. Өзім бала кезден осы мамандыққа жақын болдым. Алматыда радиотехника мамандығы бойынша білім алдым. Хоббиім мәңгілік мамандығыма айналды. Теледидар, радионың тоқтарын жалғап қызығушылығым оянған еді. Бір орында тұрмайтын қызықты мамандық,-дейді Ермек Арынғазыұлы.
    Бірнеше кабинетті аралап қызметкерлердің жұмыс барысымен таныс болдым. Бір аңғарғаным бос отырған маманды байқамадым. Бірі телефон арқылы түсіндіру жұмысын жүргізсе, екіншісі коппьютердің пернетақтасын тез-тез теріп жатты. Енді маған электромонтермен бірге абоненттен түскен өтінімга бару қалды. «Жылдың үздік монтері» атағын алған Әбдіғалыммен бірге Бөгенбай батыр көшесіне бардық.
    - Бүгін таңертең абоненттен өтінім түсті. Сондықтан ғимарат сыртында
    тұрған шкафтан тексереді. Басқа бір үйдің телефон нөмері екінші абонентке түсіп кетіп тұр. Соны қарап жатыр. Бір сағат ішінде жөндеп үлгеру керек.-дейді жетекші-инженер Дархан Шораев.
    Өз жұмысын бес минутта аяқтаған Әбдіғалым облыс бойынша өткен жылдың үздік электромонтері. Өз мамандығын жақсы көретін жан үшін сымдарды бір-біріне жалғау ешқандай қиындық туғызбайды екен.
    - Бізге өтінім планшет арқылы түседі. Осы арқылы барамыз. Планшет
    арқылы өтінімді қабылдап, сол арқылы тапсырманы орындаймын. Жылдың ең үздік монтері деген атақты басшыларымның ұсынысымен берді. Облыс бойынша үздігін өздерін таңдап алды. Желтоқсан айында марапаттады. Бұл салада жасап жүргеніме алтыншы жыл болды. Мамандығым өзіме ұнайды. Сым жалғаудан қателесіп кеткен сәттерім болды. Әрине, бастапқы кезде көбі қателеседі. Менде де сол жағдай болған. Тұрғындардан бір күнде 10-15 өтінім түседі. Бір монтер сол өтінімнің барлығына барады. Аптаның бірінші күні өтінім басқа күнге қарағанда көп түседі. Менің қарағаным ғимарат жанында тұрған шкаф станция деп аталады. Нөмерді дұрыстап жалғағаннан кейін абонентке хабарласамын. Қоңырау дұрыс барып, дәл түссе барлығы дұрыс деген сөз,-дейді жылдың үздік монтері Әбдіғалым Құлмұратов.
    Екінші барған жеріміздің мәселесі сырттағы шкаф арқылы жөнделе қойған жоқ. Ғимарат ішіне кіруге тура келді. Каробканың да оң әсері болмады. Себебі шыққан ақау бұл жерден болмаған. Соңғы мүмкіндік қалды. Ол өтінім түсірген үй иесіне бару еді. Есігін қақтық. Кірдік. Монтер барлығын асықпай қарады. Телефон құрылғын жаңарту керек екен. Қоңыраудың келмеуі телефон құрылғысынан болып тұрғанына көз жеткіздік.
    - Бір монтер тұрғындардан түскен хабарламалар бойынша жұмыс
    жасаса, қалған монтерлар жоспар бойынша жұмыс жасайды. Олар алдын ала жоспар бойынша тапсырмаларын орындайды,-дейді Әбдіғалым Құлмұратов.
    Түскен ек өтінімді орындап тастағаннан кейін жоспар бойынша жұмыс жасап жатқан басқа электромонтерлардың жанына бардық. Ғимарат ішіндегі ескі каробкалардың сымдарын ауыстырып, жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тосынан келген бізге таңырқай қарағаны рас. Бірақ тоқтамастан өз жұмыстарын жасай берді. Бір ғимаратта 4 каробка болады. Солардың барлығын жаңартып жатыр. Осындай жұмыстар бір ғимараттың өзінде бір апта бойы жалғасады. Электромонтерлар осылайша өз жұмыстарын жалғастыра берді. Ал, мен болсам қойын дәптерімді құшақтап редакцияға жеттім.
    P.S: Жұрттың көзіне көп түсе бермейтін электромонтерлардың жұмысы қарапайым болғанымен қызыққа толы. Телефон ысқырығының дұрыс шығуы, әр сымның дұрыс жалғануы олардың міндеті. Техникаға сенім артуға болмайды. Мәселені тез шешуге тырысатын мамандардың жұмысы мақтауға тұрарлық.

    Ұқсас жаңалықтар
  • «Халықтың батасы жетеді»
  • Ақтөбедегі емханалар талапқа сай емес
  • Шетелдегі ақтөбеліктер туралы не білесіз?
  • Ауыл тұрғындарының байланыс мүмкіндігі кеңейді
  • «Қазақтелеком» Ақтөбеде мобильді қызмет көрсету орнын ашты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге