Мәртөкте тұшпара цехі ашылады

    Мәртөк ауданының тұрғыны Жайлыхан Бекназаров осындай жаңалығымен бөлісті. Бүгінде «Сұлтан» шаруа қожалығын басқарып отырған кәсіпкер 11 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ауыл шаруашылығын әлде де дамытқысы келген ол өзінің басқа да жоспарларымен бөлісті.

    Мәртөкте тұшпара цехі  ашылады

    Мәртөк ауданы, Құрмансай ауылдық округінде орналасқан «Сұлтан» ШҚ өзінің жұмысын былтыр ғана бастады.
    - Жоспар бойынша биыл «Сыбаға» бағдарламасымен мал басын көбейтпекпіз. Мартөк ауданы мал бағу үшін ыңғайлы. Қазір шаруа қожалықта барлығы 200 бас ірі қара мал, 100-ден артық қой, 30 шақты жылқы бар. Оны саумаймыз. Бірақ алдағы уақытта жылқы басын көбейтіп, бие сауамыз деген ой да бар. Әзірге бұл жоспарды іске асыру үшін уақыт керек. Орал қаласынан 100 бас ақ басты сиыр әкелдік. Биыл сол қашарлар төлдеп жатыр. Қазір 60-70 бастай бұзау бар. Енді тағы «Даму» бағдарламасы бойынша несие алып, 100 бас ангус алғалы жатырмыз. Сол жұмыспен қазір тыңғылықты айналысудамыз.

    Жем базасы болмаса тиімсіз
    Биыл жер дайындап жатырмыз. 500 га егістік жеріміз бар. Соның 200 га жерін айдап, дайындап қойдық. Келесі жылдан бастап астық егеміз. Сосын судан, жоңышқа(люцерна) шөптерін егеміз. Жем базасы болмаса, мал бағу қиынға соғады. Сондықтан қазір бізде негізгі сұрақ суару учаскесі болып тұр. Шаруашылықтың жақын маңайында үлкен көл бар еді. Осы жерде платина бар. Сол платинаның жағдайлары шешіледі деп жатыр. Суару учаскесіне сол платинаны берсе, жағдай дұрысталар еді. Мал шаруашылығымен айналысқанның қиындығы тек кормовой база болуы керек жақсы. Тек осы жерден кішкене қиналып тұрғанымыз. Егер де суарамалы жерлер жақсы болса, онда қиын ештеңесі жоқ.
    Мен өмір бойы ауыл шаруашылық саласында қызмет еттім. Қазір зейнеткермін. Ұлымның есімі Сұлтан, соның құрметіне шаруа қожалығын атадым. Баламмен бірге және екі немереммен осы кәсіппен айналысып жатырмыз. Шаруа қожалығын ашпас бұрын, көп жылдар бойы совхоз директоры болдым. Ауыл шаруашылығы саласында 20 жылдан артық қызмет еттім. Зейнетке шыққаннан кейін осы шаруашылықты отбасылық бизнес ретінде жүргізіп келемін. Балаларға жәрдем беріп, өзімнің жылдар бойы жинаған тәжірибеммен бөлісіп, іске асырып келе жатырмын.

    Тұшпара цехін ашамыз
    Нәтиже еңбек еткенге байланысты. Негізінде біз мал шаруашылығымен айналыса отырып, міндетті түрде қайта өңдеумен (переработка) айналысамыз. Переработка істеп, бұйырса тұшпара цехін ашамыз деген жоспар бар. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында Тұрғынқалашық ауданынан үлкен дүкен салып жатырмыз. Ондағы жоспар - өзіміздің өнімді сату. Атын әлі ойластырған жоқпыз, бірақ жоспар нақты. Ауылдың таза өнімдерін сол дүкенде сатамыз. Тек қана тұшпара емес, манты, жартылай фабрикаттар өндірумен айналысамыз. Міне жоспарымыз осындай, айтып отырғандай кішкентай емес.
    Қазір қол астымда 11 адамдай жұмыс жасайды. Жұмсышы күшімен бордақылау алаңын, астық сақтайтын қойма салып жатырмыз. Қойма келесі жылы астық сақтауға аса қажет болады. Сосын мал азығы тұратын жер (кормоцех) салып жатырмыз. Әзірге тек өзімізге ғана. Шаруа қожалығында тек қана бір сауыншы бар. Ол 10 шақты сиырды сауады. Ал қалған сиырлар етті тұқымды сиырлар. Сүтті тек өзіміздің қажетімізге ғана жаратамыз. Кәсібіміз негізінен ет өндіруге бағытталған. Қазір жұмысшылардың жартысы құрылыста болса, жартысы мал бағуда.
    Өзіміздің туып-өскен ауылға 18 жылдан кейін қайта келдім. «Рухани жаңғыру» атты бағдарлама аясында 2017 жылы ауылға көшіп бардық. Бұған дейін Ақтөбе қаласында тұрдық. Қазір отбасымызбен ауылға барып, үй алдық. Шаруа қожалығының жұмысы үшін мемлекеттен әлі несие алмадық. Енді жаңадан бастап келе жатырмыз ғой. Ал жалпы несиені 7 жыл көлемінде 5 пайызбен береді. Несие алмастан бұрын өзіміздің қаржымызмен шығып жатырмыз.

    Негізгі күш - жұмысшыларда

    Шаруа қожалығының шаруасы жүруі үшін жұмысшылар ғой жұмысты істейтін. Негізгі күш солардың қолында. Уақытында еңбекақысын береміз. Ай сайын 70-80 мың теңге көлемінде жалақы алады. Қазір шөп шауып, қысқа дайындық жасап жатырмыз. Бір қысқа тюкпен, рулонмен өлшегенде 500 ден астам данасы кетеді. Былтыр 1000 тюк дайындадық. Бір тюктің салмағы 300 кг. Биыл мал басы көбейді. 300 басқа тарта мал басы бар. Соған шамалап 3 -4 мың рулон тюк дайындаймыз.
    Ең алдымен шөп шабу үшін шаруашылыққа техника керек. Біздегі техникаларды айта кетсек, олар 1 дана Ка-700, 2 камаз, 2 сенокос, 1 пресс подборщик рулонный, 5 трактор белорус, 1 гусеничный трактор бар. Алдағы жоспарымыз бойынша комбайн алу керек. Ол егістіктің қамы яғни астық өндіру үшін.
    Былтыр көлемін 130х13 шаршы метр етіп баз салдық. Қыста мал басы осы базда тұрды. Ірі қара мал жазда жайылымда жүреді, қыста қорада тұрады. Мал тұратын қораға міндетті түрде белгілі уақыт сайын дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Бізде қора жаңадан салынған соң, тазалық жақсы сақталған. Биыл малды откорм площадкада далада ұстаймыз ба деп отырмыз. Арнайы скважиналар бар, сол арқылы малды суғарамыз. Бұзаулар әлі емеді, сондықтан сиырды саумаймыз. Қожалықта қазір 70 бастай бұзау бар. Олардың бәрі ақ басты сиырдың тұқымынын тараған. Енді 200 басқа дейін ангус аламыз. Әзірге ешқандай серіктестеріміз жоқ. Таза отбасылық бизнес десек болады. Өзімнің бар білгеніммен бөлісіп жатырмын. Қазір 67 жастамын. Мамандығым агроном. Бәрі секілді Оралдың ауыл шаруашылық оқуын бітіргенмін.

    Астық екпей мал ұстау қиын болады
    Жалпы маған мал және егін шаруашылығы да ұнайды. Менің ойымша, екі саламен де айналысу керек. Астық шықпай қалған жылы тығырықтан малдың күшімен шығып кетуге болады. Ал, керісінше астық мол болған жылы малға тимей, астықпен пайда табуға болады. Екеуі бірге жүріп отыруы керек. Алдағы уақытта ұн өндіру сияқты да жоспарлар бар. Бидай егіп, диірменнің көмегімен ұн жасасақ дейміз. Ол жоспарымыз да бар.
    Қазір ауылда халыққа жұмыс берушінің бірі біз. Оны халық дұрыстап түсініп, жұмысқа шықса, нұр үстіне нұр болар еді. Ауылымыз – өзіміздің туған жеріміз. Бұл жерден көшіп кетпес бұрын 50 жыл осы жерде тұрдық. Содан соң жұмыс бабымен басқа аудандарға көшіп кетіп едім. 18 жылдан кейін қайта оралдым. Осы ауылдың тұрғындарына жұмыс беріп, елге, ауылға қамқор боламыз деген ойдамыз. Көбісі түсініп, жұмысқа келіп жатыр. Ауылымыз облыс орталығынан 100 шақырым, ал ауданнан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылға газ келсе, жақсы болар еді. Құрмансайлықтар үшін қазіргі ең маңызды сұрақтың бірі осы газ мәселесі болып отыр. Газ жүргізілсе, елге кісілер де келеді, ауылдағылар көшіп кетпейді.
    Кәсіпкер ретінде жастарға ауылға барып жұмыс істеуге кеңес берер едім. Қазіргі уақытта ауылда жастарға жұмыс өте көп. Қолынан келетіндері ауылға барып, мал алып, жер алып, мал өсірсе кем болмайды. Ауылға мамандар жетіспейді. Мысалы, агроном, тракторшы, мал дәрігері, дәнекерлеуші сынды мамандар керек. Шынына келсек, барлық пайда мал шаруашылығында ғой.

    Мәртөкте тұшпара цехі  ашылады
    Мәртөкте тұшпара цехі  ашылады
    Мәртөкте тұшпара цехі  ашылады

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қымыз ішкен қазақпыз
  • Берекелі істің берері мол
  • Кәсіптің көзін тапқан шаруа
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Ақтөбеде бренд шұжық пайда болады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге