Қалалық жастар ресурстық орталығы 8 айдың есебін қорытындылады

    Ақтөбедегі жастар ресурстық орталығы 8 айдың ішінде өз жүмыстарымен ерекше көзге түсті. Олар бірнеше қайырымдылық шараларына қатысып, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастырды.

    «Қалалық волонтерлар корпусын қолдау»
    «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында еріктілер мектебі ашылып, ол мектепте еріктілер қозғалысының дамуы, алғашқы медициналық көмек көрсету туралы еріктілер жұмысының негізі оқытылатын болады. Қазіргі кезде Ақтөбе қаласында 20-ға жуық волонтерлік ұйымдар бар. Олардың басын біріктіріп, жүйелеп, тиімді жұмыс жүргізілуде. Президент өз сөзінде волонтерлықпен айналысатын студенттердің стипендиясын 30%-ға көтеруді тапсырды. Бұл біздің белсенді жастарымыз үшін үлкен серпіліс бола отырып, еріктілер қозғалысын одан әрі дамыта түсетіні сөзсіз.

    «Қайырымдылық шаралары»

    Жастар жылына арналған Жоспардың идеологиялық тұрғысынан қамтылған қайырымдылық шаралары аясында Ақтөбе қаласының әкімдігімен бастауымен қолға алынған «150 игі іс» атты акциясы аясында қаладағы ерікті жастармен жалғысбасты қарттардың ауласын қардан тазарту жұмыстары, «Мен үлкендерге орын беремін», «Мен өз болашағымды құрметтеймін», «Үлкендерді құрметте» атты акциялар белсенді жүргізіліп, бұқаралалық ақпарат құралдарында кеңінен жарықтандырылды. Аталған акцияны Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев өзге облыстарға үлгі етіп көрсеткенде болатын. Бұл жұмыстар жыл бойы тұрақты жүргізіліп отырады. Алдағы уақытта қаланы көркейту бойынша акциялар өткізіледі.
    Ақтөбелік еріктілер тобы жалғызбасты қарияларға қолғабыс етіп, аулаларын қардан тазалап берді. 200-ден астам студент 150 үйдің ауласын тазартып шықты. Бұл акцияның мақсаты – мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу. Қайырымдылық шаралары жас еріктілер көмегімен жүзеге асырылуда. Жалпы Ақтөбеде волонтерлер қатары артып келеді. Бүгінде 20-дан астам топ бар. Мыңға жуық жас өз еркімен қайырымдылық шараларына қатысады.
    Ақтөбе қалалық жастар ресуртық орталығының мамандары және еріктілер тобы 14 наурыз – Көрісу күніне орай қаламыздағы «Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығындағы» жандарға наурыз көже және ыстық тағамдар ұсынылды. Шара еріктілер тобы ұйымдастырған мерекелік бағдарламаға ұласты.

    «Жұмыспен қамту»
    Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 610 адам оқуға жолданады.
    - 200 жас өз істерін ашу үшін шағын несие алады.
    - 78 жас 100 айлық есептік көрсеткіш (252 500 теңге) көлеміндегі грантқа ие болады.
    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында
    - кәсіби оқумен 2890 жасты оқыту жоспарлануда,
    - 1085 адам кәсіби маман иесі атанады.

    «Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру»
    Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «№1 Ақтөбе қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «№2 Ақтөбе қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «№4 Ақтөбе қаласының қысқы спорт түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «Олимп №5 Ақтөбе қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де жастарға кешкі мерзімде спортпен шұғылдануға жағдай жасалды. Өңірде спортпен айналысамын деген жастарға толықтай мүмкіндік бар. Өткен жылы Мұз айдыны, АЙС Теннис орталығы ғимараттарының, 30-дан астам «Воркаут» спорт алаңдарының салынуы жастардың спортқа деген қызығушылығын туғызуда.
    Биылғы жылы Ақтөбе қаласында Жеңіл атлетика манежі мен 4 шығыс жекпе-жек орталықтары салынады. Жас спортшыларды қолдау бағытты түрде жүргізілуде. Биылғы жылы жас спортшыларға төленетін стипендияны 20%-ға көтеру жоспарлануда. Дене шынықтыру және спорт бөлімі осы мәселені үнемі бақылауы қажет.

    «Жастар кәсіпкерлігін қолдау»
    Өткен жылы Дүниежүзілік Даму Банкі қолдауымен осал топтағы жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Zhas Project» жобасы жақсы нәтиже берді.
    Жоба өткен жылдың мамыр-маусым айларында жүзеге асырылып, оған 14-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатысты. Аталған жобаға Ақтөбе облысы бойынша 200-ден астам өтінім келіп түскен. Дегенмен 163 жоба мақұлданып, жеңімпаз атанды. Оның 44-і қала жастары болса, қалғаны аудан жастарына тиесілі.
    - Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында стартап жастар үшін "Менің арманым" атты жастар бизнес-жобаларының ұлттық конкурсын өткізілетін болады.

    «Құқықбұқушылықтың алдын алды»
    Облыс және қала әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында Ақтөбе қаласының ойын-сауық кешендерінде соның ішінде, кәмелетке толмаған азаматтардың ойын-сауық орындарына баруы, алкогольдік ішімдіктер сатып алуы және ойын автоматтарының заңсыз жұмыс істеу фактілерін анықтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Жұмыс тобы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы А.Бүркіталин, «Жас қанаттар» жастар қанатының төрайымы Б.М.Молдагереева, Ақтөбе қаласы жастар ресуртық орталығының директоры Ж.Табылғанов, облыстық прокуратура, жергілікті полиция қызметкерлерінен құрылып әрі қарай жұмыстар жүргізілуде.
    Рейд барысында «Жомарт» қонақ үйінде заңсыз ойын автоматтары анықталып, сол жерде азарт ойынмен айналасып жүрген жастарға құқық қорғау органдарымен ескерту берілді.
    Юта және Зара түнгі клубтарында 21-ге толмаған азаматтарға кіруіне рұқсат етілмеген туралы хабарландыру орналастырылмаған. Рейд барысында әрбір анықталған кемшіліктер бойынша ойын-сауық орындарының басшыларына жұмыс тобының өкілдерімен нақты профилактикалық түсіндірмелі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде нысан басшылары алдағы уақытта аталған кемшіліктерді жоюға міндеттеледі.
    Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында қалалық жастар ресурстық орталығы оқу орындарының басшыларымен бірлесе отырып, ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша түнгі рейдтік жұмыстар жүргізді.
    Сонымен қатар, Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен облыстық полиция департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес басқармасы және облыстық жастар ресурстық орталығының қолдауымен жастар арасында «Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының кубогы» үшін шағын футболдан турнир өткізілді. Турнирге облыс аудандарынан 9 команда қатысып, нәтижесінде I-орынды Шалқар ауданының командасы, II-орынды М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары, III-орынды Қобда ауданының командасы жеңіп алған болатын.

    «Жастарды қаланың қоғамдық-саяси өміріне тарту»
    20 наурыз 2019 жылы қаладағы Новый орта мектебінің жас мамандары кезекті әдістемелік отырысын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың жүзеге асқан бағдарламаларына, Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына байланысты еңбегі туралы өз ойларымен бөлісті.
    Қаламызда тағы бір жобалардың бірі, 2 ші рет жастар арасында 3 ай көлемінде тегін ағылшын курсын 100 жас аяқтады, бұл жобаны да осы жылы қайта өткізуді жоспарлап отырмыз.
    Қоғамдық белсенділігімен, жетістігімен танылған жастарға, волонтерларға жеңілдіктер беру мүмкіндігін қарастыру мақсатында, ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні «BARBER -SHOP» ерлер шаштаразы басшысы, жас кәсіпкер Е.Мирманов арасында әріптестік келісім шартқа қол қойылды. Нәтижесінде қызметтеріне 50% жеңілдіктер жасалынды.
    Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша өзге қалаларда өткізіліп жатқан шараларды Ақтөбе қаласында ұйымдастыру негізінде Батыс Қазақсан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-сі және Шымкент қаласының жастар ресурстық орталығы КММ-сі, сонымен қатар «Астана жастары» КММ-сімен өзара ынтымақтастық жөніндегі келісім шарт жасасты.
    Тараптар бұл меморандум жастардың азаматтық бастамаларының, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және спорттық әлеуетінің дамуын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткен басымдықтарды орындау, облыста Қазақстан аумағында қолға алынған барлық мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар мен жобалар бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында жасақтады.
    «Жас мамандарды пәтермен қамтамасыз ету туралы»
    Қазіргі таңда 3281 жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен 29 жасқа дейінгі 28700 жастар мен жас отбасылар тұрғын үй кезегінде тұр.
    Жастарды, жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талабы.
    Осы мақсатта Ақтөбе қаласында жаңа арнайы бағдарлама дайындалды.
    Аталмыш бағдарламаның шарттары төмендегідей:
    -1 бөлмелі пәтер (40-50 шаршы метр);
    -бастапқы жарна көлемі – орташа есеппен 350 000 теңге
    -ай сайынғы төлемақы – 35-40 мың теңге, қосымша коммуналдық төлемақылар;
    -пәтер алуға үміткердің ресми жалақысының мөлшері – 63-80 мың теңге.
    «Мәдениет саласында»
    Жоспарға сәйкес, алдағы істелетін жұмыстарға тоқталатын болсақ;
    - Жастар саясатының негізгі мәселесі жұмыспен қамту болып отыр, осыған сәйкес "Жастармен әлеуметтік жұмыс" мамандығын танымал етуге бағытталған әлеуметтік жарнамаларды орналастыру жоспарлануда.
    - 14 наурыз күні жастардың қолдауымен Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында 14 наурыз-Көрісу күніне орай "Қош келдің, әз Наурыз!" атты қайырымдылық концертін өткізді.
    - Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай Ақтөбе қаласы, Фартук мейрамханасында Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және Жастар жылы аясында қаламызда бірінші рет «Ең үздік бесбармақ - 2019» атты қалалық сайыс өтті.
    - Өнерлі жастарды қолдау мақсатында «Ақтөбе дарыны 2019» атты конкурсы өткізілді.
    - Шығармашыл жастар арасында «Мисс Виртуал Ақтөбе 2019» атты сұлулық байқауы өткізілді. Байқауға қаламыздың 60-қа жуық өнерлі жастары қатысты.
    - Тұңғыш Президент тапсырмасына сәйкес, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының өкілдері жариялаған «В потоках истории: Обретая вечность. Касым хан» сериалының өңірімізде өткен кастингіне қалалық жастар ресурстық орталығының еріктілері көмегін тигізді.
    Жоспарға сәйкес бұдан да басқа ауқымды іс-шаралар атқарылатын болады.

    «Ақтөбе қаласының жастар
    ресурстық орталығы» КММ
    басшысы Ж.Табылғанов

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кел, көрісейік!
  • Жастар СПИД-ке қарсы!
  • ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
  • 100 НАҚТЫ ҚАДАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР
  • Ерікті жастар ардагерлерге қол ұшын берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге