Тұрақты донорлар марапатталды

    Тұрақты донорлар марапатталды

    Бүкіләлемдік донорлар күні қарсаңында 17 ақтөбелік марапатталды. Олар жылдар бойы жүйелі түрде қан тапсырып, мыңдаған адамды ажалдан арашалап келеді. Жергілікті донорлардың ең үлкені 63 жаста.

    Ақтөбеде донор көп емес. Мың адамға шаққанда 20 донордан ғана келеді. Мамандардың пікірінше, бұл тым аз.
    63 жастағы Орақ Әлмаханов қан тапсыру арқылы адамдарға көмектесуге болатындығын ешқа-шан ойламаған. Осыдан біраз уақыт бұрын баласы науқастанып қалып, зыр жүгірген ақтөбелік донор болу туралы шешім қабылдайды. Орақ Әлмаханов 12 жылдан бері донор. Осы аралықта 36 адамды ажалдан арашалап қалды.

    Ақтөбе облыстық қан орталығындағы бөлім меңгерушісі Әуезхан Мағзұмовтың айтуынша, бір адамның тапсырған қаны үш адамның өмірін сақтап қалады. Бүкіләлемдік донорлар күні қарсаңында 60 адам қан тапсырып, 30 литр қан жиналды.
    -Облыста жыл сайын 12 мыңнан астам адам қан тапсырады. Оның 30 пайызға жуығы тұрақты донор,-дейді Әуезхан Мағзұмов.
    Жүйелі түрде қаны тапсырып тұратын 17 адам бүкіләлемдік донорлар күні қарсаңында марапатталды. Оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар берілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақы тазылардың көрмесі өтті
  • Лайкомания – сырқат
  • Ақтөбелік 40 жігіт әскерге аттанды
  • Сот терроризмді WhatsApp-пен насихаттағандардың ісін қарай бастады
  • Ерікті жастар Наурыз мейрамымен құттықтады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге