Пошта қызметкері алимент төлеушілердің ақшасын ұрлаған

    Ақтөбедегі “Қазпошта” операторы ақша аудару кезінде 6 бірдей алимент төлеушінің 400 мың теңгеден астам қаражатын жымқырған. Пошта қызметкерінің жымысқы әрекетін Алматы аудандық прокуратурасы әшкереледі.

    Прокурорлар алимент өндіру ісінің заңдылығын тексеру кезінде аударылған ақшаның иесіне жетпегендігін анықтаған.

    - Ақтөбе қалалық сотының 2017 жылғы шешімін орындаған әке екі баласына 70 мың теңге аударған. Алайда, ақшаны «Қазпошта» АҚ филиалының операторлары жарты жолдан жымқырып, өз қажетіне жұмсаған. Ақша аудару операциясын жүргізген оператор сол жолмен 6 адамның 400 мың теңгеден астам қаржысын алып қалған, - деп хабарлады Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуроры Жасұлан Дәулембаев.
    Осыдан кейін “Қазпошта” АҚ филиалы ішкі тексеру жүргізіп, мән-жайды анықтаған соң полицияға арыз түсірген. Дегенмен полиция азаматтық-құқықтық істі тергеуден бас тартқан. Соңыра бұл мәселеге Алматы аудандық прокуратурасы араласты. Тергеу кезінде ұрланған ақша иесіне толық қайтарылып, жәбірленуші мен күдікті татулас-ты. Іс қысқартылған.
    Айта кетелік,бұл “Қазпошта” қызметкерлеріне қатысты тіркеліп отырған алғашқы заңсыздық емес. Осыған дейін почта қызметкері 20-ға жуық зейнеткердің ақшасын ұрлап, сот алдына келген еді. 30 жастағы келіншекке 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Баласына алимент төлемеген әке қамауға алынды
  • Мұғалжарда алимент төлеуден жалтарған әке 5 тәулікке қамалды
  • Алимент төлемеген әке қамауға алынды
  • Пошта қызметкері салымшылардың ақшасын ұрлаған
  • Астанада "Қазпошта" АҚ бөлімшесіне ұры түсті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге