Ақтөбеде «перғауындар» шайқасты

    Ақтөбеде алғаш рет Владимир Дворкович атындағы кубок өтті. Еуропа, Америка, Азия мен Африкадан келген жасөспірімдердің үздік командалары Кубок пен $16 000 жүлде қоры үшін таласты. Жарысқа Армения, Үндістан, Қытай, Беларусь, Иран, Канада, Алжир, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан елдерінің 17 жасқа дейінгі қырық шахматшысы бақ
    сынады.

    Ақтөбеде «перғауындар» шайқасты
    Шараның ашылу салтанатынан кейін рапид форматындағы партиялар басталды. Ақтөбе облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Нөгербек Қазыбектің тақтасында бірінші болып жүріп, ойынды бастап берді.
    - Владимир Яковлевичтің өмірі осы Ақтөбе қаласымен тығыз байланысты болды. Аты аңызға айналған шахмат төрешісінің құрметіне ұйымдастырылған жарыстың енді Ресейден тыс жерлерде де өткізіліп жатқанына өте қуаныштымыз, - дейді Галина Львовна.
    Шахмат ойынында еліміздің атынан Рамазан Жалмаханов, Қазыбек Нөгербек, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камаледенова бақ сынады.
    - Бұл сайыста Қазақстанды мықты дәрежелі спортшылары таныстырмақ.
    Олардың барлығы да халықаралық турнирлерде бірнеше рет жүлдегер әрі жеңімпаз атанып жүр. Әр командада төрт спортшы – екі қыз және екі ер баладан бар,- дейді Қазақстанның шахматтан балалар мен жасөспірімдер құрамасының бас жаттықтырушысы Әнуар Исмағамбетов.
    Айта кетейік, Владимир Дворковичтің кубогі 17 жасқа дейінгі ер және қыз балалар арасындағы әлемнің үздік құрамаларын дәстүрлі түрде анықтайтын жыл сайынғы шахмат турнирі. Сайыста командалық рапид және жеке блиц тәсілдері қолданды. Владимир Дворковичтің кубогі осыған дейін 2006 жылы өткен еді. Қазақстанда аталмыш турнир бірінші рет өткізілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 460 дзюдошы бақ сынады
  • Әлемнің мықты спортшылары Алматыда бақ сынайды
  • Шахмат жарысына барлық тұрғын қатыса алады
  • Жас шахматшылар турнирі өтті
  • Азия чемпионатында 9 жастағы қазақстандық шахматшы жеңіске жетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге