Ақтөбеде мерекелік флешмоб өтті

    Ақтөбеде оқушылар арасында мерекелік флешмоб өткізілді. Ауқымды шара қаланың 150 жылдық мерейтойына арналған.
    Ақтөбеде мерекелік флешмоб өтті
    Флешмобқа 19 мектептен барлығы 5-мыңға жуық оқушы қатысқан. Олардың арасында қала мектептері мен Мәртөк, Мұғалжар, Хромтау, Ойыл ауданының білім мекемелері бар. Ауқымды іс-шара кезінде балалар Ақтөбе қаласына арналған әндерге бейнероликтер түсіріп, бір мектептен екіншісіне челендж түрінде беріп отырған.
    Ақтөбеде мерекелік флешмоб өтті
    - Челендж ақпан айынан мамыр айына дейін жалғасты. Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мерекелеу барысында өткізілген флешмобқа Ақтөбе қаласының әкімдігі, қалалық мәслихат пен қоғамдық кеңес мүшелері қолдау көрсетті. Шара мақсаты- оқушылар арасында патриоттық сезімді қалыптастырып, туған қаласына сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру,-дейді қоғам дық кеңес мүшесі әрі идея авторы Раиса Байлиева.
    Флешмоб “Ұлы істерге ұмтылдырған -150 жыл” жобасы аясында ұйымдастырылған.
    -Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай Хромтау ауданы мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында флешмоб өткізілді. Оған 200-ге жуық оқушы қатысты. Олар “Жаса Қазақстан” әнін топ болып орындады. Түрлі түсті киім киіп, Ақтөбе қаласының 150 жылдығын таңбалады. Мұндай шара жастардың арасында отансүйгіштікті қалыптастырып,туған жерге деген қамқорлықтарын күшейтетіндігіне сенімдімін, -дейді Хромтау жастар ресурсы және жастар арасындағы дін мәселелері, қоғаммен байланыс орталығының басшысы Нұрсұлтан Қожабеков.
    23 қыркүйек күні Тұңғыш Президент атындағы саябақта мерекелік флешмоб қорытындыланды. Екі мыңнан астам адам қатысқан ауқымды шара кезінде қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова халық алдында құттықтау сөз сөйледі. Ол оқушыларға флешмобқа үлкен жауапкершілікпен қарап, ұйымшылдықпен қатысқаны үшін алғыс айтты. Шара кезінде ұлтжандылық пен отаншылдық, жауапкершілік пен ұйымшылдық танытқаны үшін Ақтөбе қаласы, Алматы ауданының № 60 жалпы орта мектебінің ұжымы Бас жүлдеге ие болды.
    - Флешмобқа барлығы 600-ге жуық оқушы қатысты. Олар Ақтөбе қаласына арналған әнге би билеп, түрлі –түсті киімде 150 санын көрсетті. Балалар қойылым кезінде Ақтөбе қаласына деген шынайы махабаттарын, сүйіспеншіліктерін көрсете білді. Еңбектері еш кетпеді. Бейнероликтері әлеуметтік желіге салынып, 10 мыңға жуық дауыс жинады. Флешмобты түсіру сабақ барысына ешқандай кедергі келтірген жоқ. Ата-аналар да түсіністік танытып, жан –жақты қолдау көрсетті. Осындай үлкен еңбектің нәтижесінде бүгін жоғары жетістікке қол жеткіздік,-дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі директоры Дабылбек Құдайбергенов.
    Ақтөбеде мерекелік флешмоб өтті
    Барлық қатысушы-мектептер де марапаттан құр қалған жоқ. Білім мекемелеріне “Ең өнерлі ұжым”, “Ең үлгілі ұжым”, “Өз саласының патриоты”, “Табандылық пен тұрақтылық танытқаны үшін” номинациялары бойынша дип-ломдар берілді. Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Ал жас патроиоттардың қатысуымен түсірілген бейнероликтер енді Ақтөбе қаласының тарихы мен хроникасында сақталмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кел, көрісейік!
  • Ырғыз ауданының күндері өтеді
  • Бір мезетте он мың адам жаттығу жасады
  • ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ 4000 АДАМ ҚОЙЫЛЫМ КӨРСЕТТІ
  • Қазақ хандығының тойына арналған автошеру өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге