Облыста 673 мың гектар жер игерілмей жатыр

    Ақтөбе облысында 805 жер учаскесі пайдаланылмай жатыр. Кәсіпкерлер жалпы аумағы 673 мың гектар болатын жерді ауылшаруашылық мақсатта және коммерциялық нысандар салуға алған. Алайда бірнеше жыл өтсе де, жер телімдерін игермеген.

    Ақтөбе облысында биыл кадастрлық құны 630 миллион теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне кері қайтарылған.
    - Облыстық прокуратура биыл жер саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді. Соның нәтижесінде жалпы көлемі 673 мың гектарды құрайтын 805 жер учаскесінің пайдаланылмай жатқандығы анықталды. Оның ішінде 355-і коммерциялық санаттағы жерлер болса, қалған 450 жер ауылшаруашылық мақсатында игеруге алынған. Тексеру жұмыстарының барысында 115 жер учаскесі мемлекет меншігіне кері қайтарылды. Бұдан бөлек 233 учаскесі қайтадан іскерлік пайдалануға берілді. 16 лауазымды тұлға әртүрлі деңгейдегі жауаптылыққа тартылды,-дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Қанат Рашбаев.
    Оның айтуынша, Ақтөбеде кәдеге аспай отырған коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерінің көпшілігі 2010 жылға дейін пайдалануға берілген. Прокурорлар игерусіз жатқан жердің иелеріне алдын-ала ескерту беретіндігін айтады. Тек содан кейін ғана сотқа жерді қайтарып алу жөнінде шағым түсіреді. Алайда әзірге жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жерлердің ешқайсысы кері қайтарылмаған.
    -Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген жерлер үш жыл ішінде игерілуі тиіс. Оны пайдалану уақыты коммуникациялық желілер тартылғаннан кейін ғана есептеледі. Ал инженерлік желілері жүргізілсе де, үй тұрғызбаған тұрғындардың мәселесін әкімдік шешеді,-дейді облыстық прокуратураның 3-басқармасының бастығы Манарбек Махашев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында 104 мың гектар жер пайдаланылмаған
  • Ақтөбеде 2006 жылы кезекте тұрғандарға жер берілуде
  • Облыста пайдаланылмай жатқан 379 мың гектар жер бар
  • Тегін берген жерді алмай жүргендер көп
  • Ақтөбе облысында 120 мың гектар жер бос жатыр
  • 400 жер учаскесі берілді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге