Ақтөбелік полицей жеңіс тұғырынан көрінді

    Ақтөбелік тәртіп сақшысы Мирас Ұлықпанов Ұлттық спорт түрлерінен өткен V фестивалінде жекпе жектен алтын медаль иеленді.

    Үстіміздегі жылы қыркүйектің 20-25 аралығында Қазақстан Рес-публикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында өткен жарыста полиция аға лейтенанты,Ақтөбе облыстық ІІД жедел қимылдайтын арнайы жасақ сарбазы 27 жасар Мирас Ұлықпанов 65 келі салмақта бірінші орын алды.
    Мирас үздіксіз жаттығу мен еңбекқорлық нәтижесінде әскери самбо мен жекпе –жектен спорт шебері атанды. Бала кезінен күреспен айналысқан Мирас соңғы жылдары жекпе-жекке ден қойып, байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрініп, ел намысын абыроймен қорғап жүр.
    Әскерден қызметтік борышын өтеп келген соң, білім алып, 2013 жылы күзет басқармасына қызметке орналасып, кейін 2016 жылдан бері Ақтөбе облысы полиция департаментінің арнайы жасақ сарбазы болып қызмет атқаруда.
    Шаршы алаңда Қызылорда, Ақмола және Қостанай облыстарының спортшыларымен сынға түсіп, оларды айқын басымдықпен жеңді. Бапкерлері Айбек Шоқпытов пен Әліби Сарин.
    Осыған дейін 2017 жылы Жекпе-жектен Азия және Әлем чемпионаттарында үздік атанған спортшы бұл жолы өз қоржынына тағы бір алтын медальді қосты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік полицейлер жекпе-жекте үздік атанды
  • Ақтөбелік полицей қоян – қолтық күресте үздік атанды
  • Ақтөбелік спортшылар жекпе-жектен Әлем чемпионы атанды
  • Райса Байлиева әлемнің 4 дүркін чемпионы атанды
  • Әмбебап жекпе-жектен әуесқой спортшылар арасында турнир аяқталды
  • Ақтөбелік ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге