өрт сөндіруші зағип әжейді өрттен құтқарып қалды

    Ақтөбеде өрт сөндіруші мүгедек кейуананы қою түтін арасынан аман алып шықты. Ол алғаш болып көмек көрсетіп, әйелді далаға арқалап шығарған.

    1 қазан күні Ақтөбенің Прохоров көшесіндегі 5 қабатты үйден шыққан өртті №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Мұңалбек Құлымбай кездейсоқ көріп қалған. Өрт сөндіруші сол күні демалыста болған. Отбасымен көшеде жүрген ол көпқабатты үйдің балконынан шыққан түтінді байқап қалады. Сол арада көп ойланбастан, отқа оранған үйдің тұрғындарына көмекке ұмтылады. Қою түтінге оранған пәтерлердің есігін қағып, тез арада далаға шығуларын сұрайды. Ал от шығып, қызыл жалынға оранған пәтерлердің бірінің есігі ашық болғанымен, ешкім көмек сұрамайды. Пәтерден 8 жастағы бала қашып шығып, оның ішінде зейнеткер қалып қойған екен.
    - Осындай сәтте құтқарушы жаныңда болған қандай бақыт. Жанып жатқан пәтердің түтіні менің кіреберіс бөлмемді тез шарпып кетті. Асүйде қызым бір нәрсеге бөгеліп қалды, ал мен көзді ашытатын қою түтіннен қалай сақтану керектігін білмедім. Менің көзім көрмейтін, оның үстіне аяғым ауырады. Сол сәтте есіктен мына жігіт, Мұңалбек кірді. Ол ұзақ ойланбастан, ауыр салмағыма қарамастан мені арқасына салып, баспалдақпен төмен қарай түсіп, аулаға алып шықты. Мені орындыққа отырғызып, қайта кіреберіске қарай жүгіріп кетті. Ол нағыз батыр, алтын жүрек, - -дейді 66 жастағы Алтын Ілиясова.
    Айта кетелік, өрт кезінде 30 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың бесеуі-бала.

    - Мұналбек Құлымбай өрт кезінде тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп үлгеруді ойлады. Ол бір өзі үйдегілердің барлығын ескертіп, адамдарды қауіпсіз жерге алып шықты. Осыдан кейін өртенген үйге басқа өрт сөндірушілер де келіп жетті. Қызыл жалын 12 адам мен 2 техниканың көмегімен тез арада сөндірілді. Қазір тілсіз жаудың шығу себептері анық-талып жатыр,-деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде өрт салдарынан 30-дан аса пәтер тұруға жарамсыз болып қалды
  • Өрттен егде жастағы әйел зардап шекті
  • Ақтөбеде сарбаздар жеке үйден шыққан өртті сөндіруге көмектесті
  • Көп қабатты үйдегі өрттен екі адам зардап шекті
  • Ақтөбеде көпқабатты үйде шыққан өрттен 4 сәбиге иіс тиді
  • Ақтөбеде көп қабатты үйде шыққан өрттен 4 сәби уланып қалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге